Путин Назарбаев отставкасына қатысты пікір білдірді
— Назарбаевқа бірлесе атқарған жұмысы үшін рахмет айтып, сәттілік тілеймін.Бұл сөзді Ресей президенті Владимир Путин РФ үкіметі отырысында айтты.
Оның Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуіне байланысты мәлімдеме жасағаны жайлыЛайф порталы хабарлады. — Біз одақтасымызға қатысты қандай саяси оқиғалар жүріп жатқанын көріп отырмыз. Бұдан кейінгі сабақтастығымыз да қамтамасыз етілді деген сенімдемін. Дегенмен, Назарбаевтың жоғары биліктен кетуіне байланысты ол кісіге бірлесе атқарған жұмысы үшін рахмет айтып, сәттілік тілеуімізге барлық негіз бар. - деді Ресей басшысы.Ресей президенті сонымен қатар Назарбаевтың Еуразиялық одақты құрылуына еңбегі сіңген автордың бірі екенін атап өтті.Естеріңізге сала кетсек, кеше, 19-наурыз күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттілігін тоқтату туралы мәлімдеме жасаған. Бұдан кейін Путин мен Назарбаев телефон арқылы сөйлесіп, тұрақты түрде байланыста болатындарын айтқан болатын.Фото: azattyq.org