«Путин Қырым көпірінің болмайтынын түсінуі керек»: Зеленский мәлімдеме жасады
"Путин Қырым көпірінің болмайтынын түсінуі керек": Зеленский мәлімдеме жасады
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путин Қырым көпірінің сақталмайтынын түсінуі керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.
Зеленскийдің айтуынша, Ресей Қырым көпірін әскери мақсатта, соның ішінде түбекке қару-жарақ пен әскери техника жеткізу үшін пайдаланып отыр. Сондықтан Украина бұл нысанды заңды әскери мақсат деп есептейді.
«Путин бұл көпірдің бәрібір болмайтынын түсінуі керек», – деді Украина президенті.
Зеленский Украина Ресей басып алған аумақтарынан бас тартпайтынын және елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру үшін күресті жалғастыратынын атап өтті.
Бұған дейін Украина Қырым көпіріне бірнеше рет шабуыл жасаған. Киев көпірді Ресей әскерін қамтамасыз ететін маңызды логистикалық нысан деп санайды.
Айта кетейік, Қырым көпірі Ресейдің Краснодар өлкесі мен 2014 жылы аннексияланған Қырым түбегін байланыстырады. Көпір 2018 жылы пайдалануға берілген. Украина мен халықаралық қауымдастықтың басым бөлігі Қырымды Украина аумағы деп таниды.