Путин: Ресей Украинаға қарсы соғысты бастаған жоқ
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты Ресей бастамағанын тағы да мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ресей Батыстың қолдауына сүйенген Киевтің әскери әрекеттеріне жауап беріп жатыр. Путиннің сөзінше, Ресей тарапынан ешқандай агрессия жоқ.
Айта кетейік, Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда Украина аумағына кең ауқымды әскери басып кіруді бастады. Украина, БҰҰ-ның басым бөлігі және көптеген мемлекет бұл әрекетті халықаралық құқықты бұзатын басқыншылық ретінде бағалайды. Ал Ресей өз әрекетін «арнайы әскери операция» деп атайды.