Путин шетелдегі ресейліктердің мүлкін бұғаттауға рұқсат берді
Ресей президенті Владимир Путин елден тыс жерде жүрген азаматтардың Ресейдегі мүлкіне шектеу қоюға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.
Құжат 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Жаңа заң бойынша Ресей билігі «мемлекет мүддесіне қарсы әрекет етті» деп санайтын азаматтарды, тіпті олар шетелде жүрсе де, әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.
Ең маңызды өзгеріс – айыппұл төленбейінше азаматтың Ресейдегі мүлкіне тыйым салынуы мүмкін.
Сарапшылар бұл заң шетелге қоныс аударған немесе Ресей билігін ашық сынайтын азаматтарға қысымды күшейтуі ықтимал екенін айтады.