Саясат

Путин Зеленскиймен кездесуге дайын - Песков

Кремльдің баспасөз хатшысы мұндай кездесу тек келіссөздер қорытындыланатын кезеңде ғана нәтижелі болуы мүмкін екенін айтты.

Фото: РИА Новости / Владимир Астапкович

«Ең бастысы – кездесудің мақсаты. Неге кездесу керек? Путин кез келген уақытта Мәскеуде кездесуге дайын екенін айтқан. Ең маңыздысы – кездесудің мәні болуы және оның нәтижелі өтуі. Ал мұндай кездесу тек келісімдерді түйіндеу үшін ғана өтеді», - деді ол.

Сондай-ақ, ол мұндай жоғары деңгейдегі кездесуге дейін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс екенін және ең бастысы — Киев тарапынан саяси ерік болуы қажет екенін атап өтті.

Еске салайық, Ресейдің Украинаға қарсы соғысы 2022 жылдың ақпанында басталды. Содан бері Путин мен Зеленский жеке кездеспеген.

Сайт Әкімшілігі