Путинге ескерткіш орнатылды
Қырғызстанда Ресей президенті Владимир Путинге ескерткішорнатылды. Бұл жөнінде «Reuters» ақпарат агенттігіхабарлады.
Биіктігі 2,5 метрлік ескерткіш Бішкек жанындағы тау шаңғыдемалыс орны аумағында орнатылған. Ескерткішті курорт басшылығы «Ресей-Қырғызстандаму қорынан» 1,2 миллион доллар несие алғаннан кейін жасатқан.
Демалыс айлағының басшысы Акбор Розиевтің сөзінше, оғанқырғызстандық бірде-бір банк несие бермеген уақытта «Ресей-Қырғызстан даму қоры» несие берген. Ол өзінің ризашылығын қалай білдірерін білмей,ақыр соңында Владимир Путинге ескерткіш қоюды ұйғарған.
«Оның несиесінің арқасында біздің жақсы орталығымыз бар. ВладимирПутин өте қадірлі және үлгі тұтарлық азамат», — дейді Розиев.
Фото: Reuters