Саясат

Путиннің де дәурені өтер...

Неміс сарапшылары дәл айтты-ау. Олардың пайымдауынша, кремльдегі шал-шауқандар НАТО немесе америкалық ракеталардан емес, олар либералды идеялар мен талаптардан, кәдімгі азаматтық еркіндіктен өлердей қорқады.

Jasalash.kz

– Путин Батысты алдауға тырысып жүрген жоқ. Ол өзінің ұлы тарихи тұлға екеніне шынымен сеніп жүрген адам. Бейне бір өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарында жүргендей қабылдайды ол тарихты. Путин өз әлемінде ғана өмір сүретін президент, бұл өте қауіпті. Оның кешегі геноцид туралы айтқаны Ресейдің енді ештеңеден тайынбайтынын білдіреді, оның ішінде – Украинаға қатысты кез келген әрекеттерге шімірікпей баратыны анық, – дейді саясаттанушы Штефан Майстер. 

– Бұлар бір топ кәрі кісілер. Бәрінің жасы жетпіске таяп қалған, кейбірі одан асып кеткен. Олар шындығында Батыстан бір әскери қауіп төнеді деп қорықпайды, олар Батыстан келетін күштер Ресейімізде демократия мен халықтың еркіндігін, әділетті қоғамның билігін орнатып қояды деген үреймен өздері бүкіл әлемнен оқшауланып отыр, – деп пайымдайды Ресей жөніндегі сарапшы Ханс-Хеннинг Шрёдер «Deutsche Welle» басылымында

Әділ Ақылбай
Тегтер: Без Тега