Саясат

Путиннің Қазақстанға сапары 2026 жылға жоспарланып отыр

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары 2026 жылы өтуі мүмкін.

Фото: ТАСС/Артем Геодакян

Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, нақты күндері әзірге белгіленбегенімен, сапар міндетті түрде жүзеге асады. Елші екіжақты күн тәртібіндегі стратегиялық серіктестік, интеграция және бірлескен жобалар бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде мемлекет басшыларына есеп беруге негіз бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың қараша айында Ресейге мемлекеттік сапармен барған болатын.

Сайт Әкімшілігі