Саясат

Қайрат Досаев Тараз қаласының әкімі лауазымынан босатылды

Қайрат ДОСАЕВ Тараз қаласының әкімі лауазымынан босатылды, депхабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Jasalash.kz

«Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢтапсырмасына сәйкес, Таразқаласындағы мектепте орын алған оқыс оқиғаға байланысты және өзіне жүктелгенміндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тараз қаласының әкімі Қайрат ӘскербекұлыДосаев 2019 жылғы 21 қарашадан атқарып отырған лауазымынан босатылды», делінгенәкімдіктің Facebook-тегі хабарламасында.

Айта кетерлігі, Тараз қаласы әкімінің міндетін уақытша атқару Тараз қаласыәкімінің орынбасары Бейсенбек Керімбекұлы Жанбосыновқа жүктелді. Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектепоқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктержібергені үшін қала әкімін қызметінен босатуды тапсырды. Президент облыс әкіміАсқар Мырзахметовке ескерту жасады.

Жамбылдық полицейлер 15 қарашада Тараз қаласында кәмелетке толмаған қыздызорлаған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Оқушы қызды зорлау оқиғасы мектеп әжетханасында болған. Осы оқиғаданкейін Жамбыл облысындағы барлық білім ордаларындағы қауіпсіздік шараларыкүшейтілді. Ал, зардап шеккен оқушы ауруханаға жатқызылды.

ҚР БҒМ оқиға болған мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегіорынбасары, физика пәні мұғалімі және вахтердің қызметінен босатылғанынжеткізді. Сонымен қатар. Жамбылоблысы Білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова өз еркімен жұмыстанкетіп, бірқатар жауапты полиция қызметкерлеріне қатаң сөгіс беріліп, учаскелікинспектор ішкі істер органдарынан шығарылды.

Фото: inform.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега