Саясат

Қайрат Мәмидің күйеу баласы жаңа министрлікке басшы болды

Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ жаңа министрліктің басшысы болыптағайындалды. Енді ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрі болды.

Jasalash.kz

Бұл туралы  «Жас АЛАШ»  Қазақстан президентініңресми сайтынасілтеме жасап хабарлайды.

«АсқарҚуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарғанқызметінен босатылсын», — деп жазылған мемлекет басшысының жарлығында.

Бұған дейін Асқар Жұмағалиев цифрлық даму, қорғаныс жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарған  болатын. Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК АҚ, Көлік және коммуникация министрілігінің басшысы және Премьер-министрдіңорынбасары сынды лауазымды қызметтер де болған.

Асқар Жұмағалиев  1972 жылы Ресей Федерациясының  Орынбор облысында дүниеге келген.СвердловСуворов әскери училищесін бітірген. Одан кейін «Радиобайланыс, радиотаратужәне теледидар» мамандығы бойынша қазақ ұлттық техникалық университетіндеоқыды. Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "Құқықтану"мамандығы бойынша екінші жоғары білімін алған. Ана тілінен өзге ағылшын жәнеорыс тілдерін біледі. Үйленген. Екі баланың әкесі. Әйелі Айнұр МӘМИКонституциялық кеңестің төрағасы Қайрат МӘМИДІҢ қызы.

Фото: tengrinews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега