Қалмұханбет Қасымов: Бес облыста жағдай қиын
Республикада 50 елдімекенде 1500-ден аса үй су астында қалған, 3800-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
"Қазiргi таңда Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарында да жағдай күрделі. Осы өңiрлерде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Осыған орай, жергiлiктi атқарушы органдар кез келген жедел шаралар қабылдауға дайын болу керек", — деп ескертті Қасымов.
Министр Шығыс Қазақстан облысында да жағдай қиын екенін, қазіргі таңда онда 396 үй мен 185 аула су астында қалғанын атап өтті.
Сонымен қатар, министр төтенше жағдай қызметтерін техникалық жабдықтау мәселесіне тоқталды.
«Бақытжан Әбдiрұлы, сiздiң тапсырмаңызбен кеше Асқар Ұзақбайұлының (Мамин – премьер-министрдің бірінші орынбасары) төрағалығымен азаматтық қорғау бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық жабдықталуы мәселелерi туралы кеңес өттi. Негiзi бұл мәселе бiраз жылдан берi қаржының аздығынан шешiлмей келе жатыр. Бүгiнде құтқару қызметтерiн техникалық қамтамасыз ету 30 пайыздан аспайды. Шығыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана қаласы бюджеттерiнен аталған бағытқа қаражат өте аз бөлiндi. Дәл осы кезеңде бiзге 4 миллиард теңгеден астам қаржы керек. Осыған қатысты тиiстi есептер мен негiздемелер дайындаймыз», — дедi Қасымов.Министр Шығыс Қазақстан облысында да жағдай қиын екенін, қазіргі таңда онда 396 үй мен 185 аула су астында қалғанын атап өтті.
Фото: zhasalash.kz