Әлеумет

Қамаш Сейітжанова, 20 баланың анасы: Жиырма баланы өсіру оңай болған жоқ

Жас Алаш газетінің тілшілері 8 наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында еліміздегі 20 баласы бар ана Қамаш Сейітжановамен сұхбаттасып қайтты.

Jasalash.kz

          

– Қамашапа,  80 жасқа толыпсыз. Алдымен өзіңіздісексеннің сеңгіріне келуіңізбен құттықтаймын.  Күйлі-қуаттысыз ба?

Енді… шамалы ауырыңқырап қаламын. Жиырма жеті жылда 20баланы өмірге әкелдім. Оңай емес. 80 жасқа келіп отырмын.  Осы күнге жетіп, балаларымның қызығын көріпотырғаныма тәуба деймін. Қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіздіктер кейдежанымды ауыртады. «Жастар аман болсын» деп, тілеуін тілеп отырамын. Болашақжастардың қолында. Сондықтан балалардың амандығы бізге үлкен олжа. Қазіргіжастардың оқуы да, жүріп-тұруы да, әлеуметтік жағдайы да қаржыға келіп тіреледіемес пе?! Біздің кезімізде заман кең болды. Соның өзінде маған 20 баланы өсіруоңай болмады. Ер-азаматым өмірден ерте озды. Он алты қыз бен төрт ұлды жеткізужалғыз менің мойнымда қалды. Ол кездері балалар бірін-бірі қарап өсіп, бірініңкиімін бірі киіп ержетті. Қазір заман басқа, заң басқа. Қазіргі балаларды өсіруүшін де, оларды дамыту үшін де орасан күш керек. Қай заманда болсын баланы өсірудіңжауапкершілігі ерен. Өмірге келген ұрпағың елге қызмет етіп, сеніміңді ақтап тұрсадейсің. Бүгінде балаларымның өсіп-өніп отырғанына қарасам, мен осы мақсатымажеткен тәріздімін. Шүкір деймін…

–Сіз қоғамдағы келеңсіздіктерге жаным ауырады деп қалдыңыз. Біздегі көпбалалыаналардың мәселесі сізді толғанта ма? Бұл ретте не айтар едіңіз?

Әрине, толғантады. «Мынау80-ге келіп алып көлгірсіп отыр» демесін. Бірақ соңғы жайттар, расымен де, өзектіөртейді-ақ. Жас балалардың қараусыз қалуы, ата-аналарының бала тәрбиесіне араласаалмай, күні-түні жұмыс істеуі алаңдатады. Кім-кімді болсын ойлантатын дүние.Бізде көпбалалы аналарға бөлінетін жәрдемақы мен бала күтіміне байланысты әйелдердемалысқа шықса, бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы дегеніңізтиын ғой. Менің кенже ұлым Кенжеғұл АҚШ-та, Лондонда, Жапонияда оқып келді. Солбалам «шетелде сіздей аналарды төбесіне көтереді» деп айтыпотырады.

– Ал сіз оған не дейсіз? Жалпы, еліміздегі көпбалалы аналарға қатысты атқарылыпжатқан шаруаларға көңіліңіз тола ма?  

– Сенсеңіз, осы уақытқа дейін«20 бала таптым, сен маған бірдеңе бер, жағдайымды жаса» деп, құзырлы орындардыңалдына барып ештеңе сұрап көрмеппін. Осыдан біраз жыл бұрын мені «елбасының қабылдауындаболасыз» деп шақырды. Сол кезде ғой, «алдына барғанда баспана сұра, үй ал»дегендер болды. Бірақ президенттің алдына барып, баспана мәселесін айтаалмадым. Сұрай алмадым. Жалғыз-ақ осы кенже ұлым Кенжеғұлдың шетелде оқығысыкелетінін айттым. Кенже ұлым 1-топтағы мүгедек – зағип. Бірақ өте білімді. Өзбілімінің арқасында шетелде оқып келді. АҚШ-та, Лондонда, Жапонияда білім алды.Сол ұлымның айтуынша, «шетелде көпбалалы аналарды алақанға салып ұстайды» екен.Ал бізде, өкінішке қарай, көпбалалы аналар толыққанды қамқорлық сезініп отырдеп айта алмаймын.

– Дұрыс айтасыз, мысалы, Жапонияда үш баланы өмірге әкелген әйелдердің өзінкөпбалалы аналар санатына жатқызып,  оларғамемлекеттік қордан ай сайын жалақы төленеді екен. Тегін үй беру мәселесі де ұтымдышешілген. Ал сіз 20 бала тапқан ана ретінде қоғамда құрметке ие бола алдым депойлайсыз ба?

– Айрықша құрмет күткенім жоқ.Ел қатарлы өз күшімізбен үй алдық. Балаларды да өз күшімізбен оқыттық. Үлкендерікішілерін сүйреді. Кішілері жетекке ілінді. Бірде-бір адамға барып, «маған үй әпер,баспана бер» деген жоқпын. Жалғыз-ақ осы Кенжеғұлым оқуға түскен жылы көзі көрмейтінбаланы жетектеп жүретінмін. Сабағына апарамын, сыртта күтіп жүремін. Алып қайтамын.Сол кезде екеумізге де Алматының шетіндегі «Алатау» совхозынан қалаға қатынау қиынболды. Содан бір күні әкімдікке Алматыдан үй алуға өтініш жазу үшін бардым. Қабылдаубөлімінде отырған хатшы қыз «менің апам 10 бала тапқан, ол кісілер сіз сияқты үйсұрап жүрген жоқ» деген соң, жиналып алып кетіп қалдым. Міне, біздегі құрметтіңтүрі осы.

– Сіздіңше, болашақта көпбалалы аналар құрметке лайық болуы үшін неістелінуі керек деп ойлайсыз?

 –Менің бір таңғалатыным, халықтың саны көбейсіндесек, неге көпбалалы аналар өз деңгейінде көмек алмайды?! Мені қойшы,балаларым өз қолы өз ауыздарына жетті. Ал қазіргі жас аналардың жағдайы қиын.Оларға мемлекеттен тегін үй алу, тегін жер алу мәселесі шешілмеген. Бала біржасқа толғанша  декреттік демалысберіледі. Оның ақшасы нәресте бір жасқа ғана толғанша төленеді. Бұдан соң ақшадантарыққан аналар еріксіз бір жастағы баланы анда-мында қаратып, жұмысқа шығады.Ал, сайып келгенде, аналар ақшадан тарықпауы керек.  Бір жастағы баланы балабақшаға берудің өзі қауіпті.Демек, бізге аналардың әлеуметтік жағдайын көтеру керек. Жұмыс істеп жүргенаналар үшін  нәрестеге төленетін ақшаанасы жұмысқа шықса да тоқтатылмауы тиіс. Ал жұмыс істемей үйде отыратынаналардың балаларына төленетін жәрдемақыны көтерген жөн. Бізде төрт бала тапқанға10 500 теңге, ал күміс алқа, алтын алқа иегерлеріне 16 мың теңге жәрдемақы беріледі.  Осы мардымсыз ақшаны көпбалалы отбасылар қалайжеткізеді?! Осы жағын ойлану керек. Мұны енді мен айтпасам да,  үкіметтегілер біліп отыр. Бірақ осы көпбалалыаналардың мәселесін  қазақтың ұпайын түгендейтіндейетіп ұтымды шешуге болар еді. Бұған оқыған азаматтардың білімі жетеді депойлаймын. Сондықтан болашақта осы мәселелер оңынан шешімін тапқаны жөн болар еді.

– Сіз қазіргі жастарды көп бала табуға үндейсіз бе?

– Бұрын «көпбалалы болыңдар, көбейіңдер»дейтінмін. Қазір «Алланың бергенін алыңдар» деймін. Жалпы, мен өзіме ештеңе сұрамаймын.Қазіргі жастар қиыншылық көрмесе екен деймін. Жастар тұрмыстың тауқыметін тартпай,оқып білім алып, өсіп-өнсе сол жақсы. «Қазіргі жастардың денсаулығы, әлеуметтікжағдайы көп баланы асырауды көтере ме» деп те ойлайсың. Сондықтан әркім Алланыңбергенін алсын. Қазақтың саны көбейгені, өскені, әрине, жақсы.

Сізбен осыдан 12 жыл бұрын сұхбаттасыппыз. Содан бері сіздің әулет те өсіп-өніпжатқан шығар. Сіздің шаңыраққа біз де береке тілейміз. Жалпы, сіз балаларыңызғақандай өнеге айтып отырасыз? –Иә, көбейіп жатырмыз. Бірақ мен қазір немерелердің де, шөберелердің де саны,жалпы, балалар туралы ешкімге ештеңе айтқым келмейді.  Себебі бірнеше рет осы туралы айтқанымда қаттыауырып қалған болатынмын. Осыдан 12 жыл бұрын өзіңе үлкен сұхбат беріппін. Енді,міне, «Жас Алашқа» да өзің арқылы сұхбат беріп отырмын. Бірнеше рет «фильм түсіреміз»деп хабарласқандар да бол­ған. Бәрінен бас тарттым. Біз, қазақ, ырымшыл халықпызғой, көз бар, сөз бар дегендей. Жастарға «үнемі еңбектеніңдер» деп отырамын.Кіші ұлым Кенжеғұл  мүмкіндігі шектеуліекеніне қарамастан, еңбектеніп келеді. Балам Америкада 2,5 жыл тіл үйренді.  Англияда 1,5 жыл магистратурада оқыды. Шетелдіңбіразында болып қайтты. Негізі, қазақ тілі мен орыс тілін қоспағанда, ағылшын,жапон, неміс, испан, француз тілдерін біледі. Қазір түрік және корей тілдерін аудиокітаптарарқылы үйреніп жүр. Бүгінгі заман еңбектенуді, өз күшіңе сенуді талап етеді.Сондықтан кейінгі ұрпақтың шаруасына тыңғылықты, пысық болғаны дұрыс. Осығанорай, балаларыма «еңбектің наны тәтті» екенін жиі айтамын.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега