Саясат

Қандай сөзді қолдануға болады, президент мырза?

«Бүркіт қартайғандатышқан алады» деген сөз бар. Әлінің жеткені сол болар. Ал билік алжығанданемесе шектен шыққанда өзінің құзыретіне жатпайтын салаға араласады не билікайтады екен.

Jasalash.kz

Людовиктің «Мемлекет деген – менмін» дегені сияқты, біздіңбасшыларымыз да «мен – президентпін, сондықтан болмысты да, талассыз ақиқаттыда жинап қойып, өзімнің пікірімді шындық ретінде қабылдаттырамын» дейтін сияқты.Ең қызығы және өкініштісі, кейде президенттердің сол әрекеттері көзі ашық қоғамтарапынан өзінің нақты бағасын алмай, шындық ретінде қабылданады, ал кейде жұртшылықоған көңіл аудармай, өзінің жолымен жүре береді екен.  

    Біріншісініңмысалы жеткілікті, көз алдымызда (биліктің латын графикасына негізделген жаңа әліпбидіжасауға тікелей араласуын алсақ та жетіп жатыр – автор), ал екіншісіне төмендегібір мысалды келтірейін: 90-жылдары Пастер көшесіне Мұқағалидың атын бергендесол уақыттағы президентіміз теледидардағы бір сұхбатында «Пастер – талай адамдыөлімнен алып қалған әлемдік деңгейдегі дәрігер. Оның атын ауыстыру қалай боларекен?» деген ой тастаған. Алайда Алматы қаласының әкімдігі президенттің көзқарасынапысқырып та қарамады. Шынында да, президент жеке азамат ретінде өзінің ойынайтты. Бұл оның құқығы. Бірақ ол қалалық ономастика комиссиясының мүшесі емес,керек десеңіз, не тарихшы, не тілші-ғалым да емес. Сондықтан айтылған пікіржерде қалды. Нұрсұлтан ағамыздың жаңа сөздерге, кейбір терминдерге деген(«сынып» сияқты) көзқарасын да жақсы білеміз. Кейбір министрлер сол кісі айттыдеп, қалыптасып қалған терминдерді қайта қараймыз деп ұрандап жүр. Бұл – жоғарыдаайтып өткен, «Мемлекет деген – менмін» дейтін «Людовиктің ауруы».

 Егер бізпрезиденттің жеке пікірін талассыз шындық ретінде қабылдайтын, бас шұлғитынжолмен жүре берсек, ертең облыс әкімдерінің хирургтерге қалай операция жасаукеректігін үйретуінің де куәсі боламыз. Жоғарыдағы аурудың жалғасын кеше ғанаРесей газетіне сұхбат берген Тоқаев мырза көрсеткен сияқты. Оның «Жуырда шетелдік аналитикалық материалдардың бірінен «Қазақстандағыорыс диаспорасы» деген тіркесті көзім шалып қалып, өзіміздің идеологтар менаналитиктерге мұндай тіркесті қолдануға еш болмайтынын, бұл шынайы жағдайға қайшыекенін ескерттім» деген сөздері, сыпайылап айтсақ, көптеген сұрақ тудырды.   

     Біріншіден, Қазақстанда орыс диаспорасының барекені талассыз шындық. Оны, кешірім сұраймын, президенттің жарлығымен де жоққашығаруға болмайды. «Диаспора» сөзі – әлеуметтік салада мойындалған, тұрақты түрдеқолданылып жүрген термин. (Диаспора (гр. διασπορά – шашыраңқы) – әлеуметтікғылымдарда ұлттық атажұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтыңбір бөлігі. Википедия).

    Екіншіден, термин, демек, белгілі бір ұғымғаберілген атау ешқашан «шынайы жағдайға қайшы» болып табылмайды. Ол ұғымның атауығана.  Ал егер орыс диаспорасы Қазақелінде жоқ десеңіз, украин, өзбек, қытай т.б. диаспоралар жөнінде қандай жарлықберілуі керек? Конституция бойынша ұлттардың теңдігін мойындасақ, қазақ жеріндедиаспора мүлдем жоқ деген шешімге келуіміз керек. Егер заңдарымызда «диаспора»сөзінің қолданылатынын ескерсек, бұл нонсенстен шығу қиын болар деп ойлаймын.

    Үшіншіден, әрине, әрбір сөздің, ұғымның беретінмағынасын шартты түрде жақсы, жаман, орташа деп бөлуге болатын шығар. Бұл тұрғыданкелгенде, диаспора ұғымы – абстракты, ешқандай негативті реңк бермейтін ұғымдардыңбірі. Диаспора – басқа елде өзінің құндылықтарын, тілін, дінін, т.с.с. сақтап,пайдаланып отырған өзге ұлттың бір бөлшегі. Егер басқа елдегі ұлттың бөлшегі –диаспора – сол елдегі мемлекет құрушы ұлттың зорлығымен немесе табиғи түрдеассимиляцияға түсіп, өзіндік ерекшеліктерінен айырылса, диаспора атынан да айырылады.Осыны ескерсек, қазіргі қолданыста жүрген диаспора ұғымы, сөз жоқ, позитивті мағынадақабылданады.

     Төртіншіден, Қазақ еліндегі диаспораларға қандайатауды қолдануымыз керек? Қазақстандағы орыстарды «диаспораның» орнына «басқыншылардыңұрпағы» деп атауға өз басым үзілді-кесілді қарсымын. Айтпақшы, Қытайдағы, Өзбекстандағықазақ диаспорасын қалай атаймыз? Егер ол мемлекеттер немесе сол мемлекеттегізерттеушілер мен аналитиктер «қазақ диаспорасы» деген сөз қолданса, біздің сыртқыістер министрлігі нота жолдауға мәжбүр бола ма?

     Бесіншіден,  «өзіміздіңидеологтар мен аналитиктерге мұндай тіркесті қолдануға еш болмайтынын,… ескерттім» дегеніңіз – менің Сізден күтпеген сөзім. Сөз, пікір айтуға немесе ғылымитерминдерді қолдануға тыйым салу, ескерту – президенттің құзыретіне жатпайтын мәселе.

Қосымша: Бұл мен айтатын сөземес, әлеуметтік зерттеушілер мен аналитиктердің  сөзі болуы керек. Олардың үнсіз қалғанынан қорқамын.

Дос КӨШІМ       

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега