Саясат

Қаңтар оқиғасы кезінде қираған Президент резиденциясы сүріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер қиратқан Алматыдағы Президент резиденциясы сүріледі.

Jasalash.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген. 2022 жылы бүлікке дейін ғимараттың қасбетін қайта жаңарту жоспарланған болатын.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега