Саясат

Қара қытай қаптаса...

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жер шарындағы халық саны шамамен 2,5 млрд болса, бүгінде 7,5 млрд-қа жақындады.

Jasalash.kz
Адамзат қоғамы өсуін зерттейтін орталықтардың болжамынша, таяудағы 15-20 жылда халық санының 9,5 млрд-тан асуы қоршаған ортаға орасан зор салмақ түсіріп, әлемде азық-түлік, ауызсу жетіспеушілігі жоғарылайды.[caption id=«attachment_22235» align=«alignleft» width=«400»]Профессор Т.МЕҢДІБАЕВ. Фото: almaty.tv[/caption]Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, 6 млрд-қа жуық адам өмір сүруге қажетті табиғи қорлары сарқылуға жақын жерлерде тұрып, кедейшіліктің зардабын тартуда.Жер және жер қойнауындағы табиғи қорлардың азаюы  ХХІ ғасырдағы Африка халықтарының Еуропаға қоныс аударуға ұмтылуларының, террорлық әрекеттердің, қарақшылық шабуылдардың, мемлекет ішіндегі қарулы қақтығыстардың қозғаушы күші.Әрі қарай, өмір сүру кеңістігі үшін күрес мемлекетаралық сипатқа ие болып, бүгінде қылаң бере бастаған, қорғанысы әлсіз елдерді ертең дамудың жоғары баспалдағында тұрған мемлекеттердің әртүрлі жолдармен иелігіне алуы, бөліске салуы үйреншікті саяси құбылысқа айналуы мүмкін.Бұл тұрғыдан алғанда, болашақта біз үшін басты қауіп 2030 жылдары есепке алынған халқы 1,5 млрд-қа жетеді деп күтулі, шығыстағы көршіміз Қытай жерінің 10-15 пайызы ғана егіншілікке жарамды, қалғаны таулы, шөлейт, су тапшы. Соңғы он шақты жылда жерлеріндегі ондаған мың ішкі өзендері суалып, жоғалып кеткен. Осыншама халықты азық-түлікпен асырайтын жер жоқ, амалсыз өзгенің жеріне көз тігуге, енуге тура келеді.Аспанасты елінің саяси шешімдерімен, азық-түлік мәселелерін шешу жолында көршіміз Оңтүстік Америка, Аргентина, Африка елдерінен, солтүстіктегі Ресей, Латыш, Фин жерлерін жалгерлікке, тіпті сатып алуға көп қаржы жұмсауда. Венесуэла, Зимбаббеде жергілікті шаруаларға техника беріп, өтеуіне жиналған өнімнің 20 пайызын иеленсе, Бразилия, Аргентина, Ресейде біраз жерді түпкілікті сатып алған.Дегенмен Ресейдей басқа елдерде, қоршаған ортаны қорғауда халық өте белсенді, қытайлар пайдаланатын жерлерде заңмен белгіленген қатаң қоғамдық бақылаулар бар. Ал ресейлік шаруаларды алаңдататыны – қытайлардың егістікке күшті химиялық, өзге елдерде қолдануға тыйым салынған тұқымды, тыңайтқыштарды қолдануы. Ондай егіс алқаптарында арамшөптер өспейді, зиянкестер жоламайды. АҚШ-та өндірілген, бірақ ондағы егістікке жолатпайтын генномодификациялық тұқымдарды арзан бағаға сатып алып, Ресейдегі жалға алған жерлерінде қолданған қытайлар бір гектардан 25 центнер бұршақ өндірсе, жердің, табиғаттың бірдей жағдайында жергілікті шаруалар өнімді 10 центнерге де жеткізе алмайды.Мал шаруашылығында да осындай жағдай, химиялық қосындылармен қоректенген қытайлар өсіретін шошқа-торайлар аз уақыт ішінде ресейлік торайларға қарағанда бірнеше есе көп салмақ жинайды.Бұл көзбояушылық, жаратылысты алдау мүмкін емес, тағам өнімдеріне, тұтыну бұйымдарына зиянды химиялық тыңайтқыштарды, қоспаларды қосу табиғатқа зорлық, ондағы заңдылықтарды бұзады, жер бетіндегі барша тіршілік иелерінің өміріне қатерлі.Өркениетті елдерге енгізуге тыйым салынған, көптеген аурулардың шақыртқысы болатын тағам өнімдерін, бұйымдарды даму жолындағы мемлекеттерге тықпалау Қытайдың экономикасын нығайтумен бірге, ондағы халықтардың өсімін шектеу, бәсекелестік қабілеті әлсіз, өз мүддесін қорғай алмайтын елге айналдыру жолындағы жымысқы саясаты емес екендігіне кім кепілдік береді?!Қытай өнімдерімен бәсекелес болу үшін жергілікті шаруалар ауыл шаруашылығына өмірге қауіпті, улы химияны енгізуге мәжбүр болады, қоршаған орта, ауа, су ластанады, адамдар, үй жануарлары, түз тағылары, өсімдіктер сауығуы қиын, созылмалы ауруларға ұшырайды. Әрине, олардың емі, қажетті дәрі-дәрмек көбінесе Қытайдан табылады.Қытай – өзімшіл халық, ұлттық қағидасы – «Жыртқыш болмасаң, жыртқышқа жем боласың». Мемлекет саясатының арқауы – әлемдік үстемдікке бейбіт жолмен ие болу. Оларға өзгелердің ақыл-кеңесінің қажеті жоқ, оны қорлау деп санайды, өткеніне үңілмейді, бүгінгі күнмен өмір сүреді, болашағын ойлайды.Тарихында Қытай шын мәнінде ешкіммен одақтас болып көрген емес, өзгенің жыртысын жыртпайды, даңғойлық, дарақылық, көсемсу, табысқа мастану атымен жоқ.Жер мәселесіне оралсақ, Қытайдың орталық ақпарат көзі «Жәнмин Жибао» газетінде жарияланған мақалада «Біз Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығын жаңғырту, жетілдіру шараларына белсенді атсалысуға міндеттіміз» деп айтылған. Байқасақ, соңғы сөз көп нәрсені аңғартады.Мәліметтерінше, Орталық Азиядағы егіншілікке қолайлы жер ауданы 38 миллион гектар, оның 28 миллион гектары немесе 74 пайызы Қазақстан иелігінде. Сезінгеніміздей, Қытайдың Орталық Азия деп отырғаны – қазақ жері. Өйткені Қырғызстан, Тәжікстан жерлерінің басым бөлігі таулы аймақтар, егін салуға жарамсыз. Түрікмендерде су жетіспеушілігінен суармалы жерлерінің 50 пайызы тұзды эрозияға ұшырап, өнім беретін жер қыртысы жоғалып кеткен, қалпына келтіруге ұзақ уақыт, мол қаржы, тұрақты пайдаланылатын су қоры қажет. Өзбекстандағы 4,9 миллион гектар суармалы жерге халық тығыз орналасқан, қытай тұмсығын тыға алмайды. Игерілмей жатқан 9 миллион гектарға су әкелетін мүмкіншілік жоқ, жұмыссыздық деңгейі өте жоғары. Сонымен бірге өзбек мемлекетінің жарияланған сыртқы саясаты – жеріне қытай капиталын, қытайларсыз енгізуге қарсы емес.Сонымен, Қытайдың міндетті жоспары бойынша, Қазақстандағы егістік жердің ауданын 60 миллион гектарға жеткізіп, 225 миллион тонна астық өндіру, оның 160 миллион тоннасын сырт елдерге экспортқа шығару.Елімізде жылына 18-20 миллион тонна бидай жиналатынын ескерсек, Қытайдың міндетті жоспары жартылай орындалғанының өзінде, жерімізге түсетін техногендік салмақты, қаншама жер қыртысының, жерасты суларының, олармен табиғи байланыстағы өзен-көлдердің улы химикаттармен ластанатынын көзге елестету қорқынышты.Жалға алған жерлерімен бірге, қойнауындағы келешектегі баға жетпес тіршілік көзі – тұщы су қорлары қытайдың меншігіне өтетіні анық. Су қажет болғанда, қытайды еш нәрсе тоқтата алмайды, Қазақстанда егін өсіруде олардың көз тіккен жерлері әзірге суы мол, қара топырақты, шұрайлы Жетісу, Алтай, орталық және солтүстік аймақтарымыздағы жерасты су қорлары бар аудандар. Егіншілікке пайдалануға жарамайтын, суы жоқ жерлер Қытайдың өзінде де баршылық.Жер мәселесіне, оның қойнауын пайдалануда батыс өлкеміздегі мұнай өндірумен айналысатын Қытай компанияларының қолданатын технологиясының келісімшарттарға, жобаларға сәйкестігіне кәсіби жоғары деңгейде тексерістер, сараптамалар ұдайы жүргізілуі керек. Сенімсіздік тудыратын жағдай, олар өндіріс орындарына жергілікті билік өкілдері тұрмақ, республикалық деңгейдегі жер қойнауын пайдалануды бақылау мекемелерінің қызметкерлерін жібере бермейді. Осындай қауіпті сезінген көрші Ресей жерлерін жалға бергенімен, мұнай, газ саласына қытайларды араластырмайды.Сенімсіздікті қоюлататын нәрсе: Қытай – ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды шектейтін Киот (Канада) келісіміне қол қоюдан бас тартқан санаулы елдердің бірі. Жылына 4 млрд тонна көмір жағып, ауаға 14 миллион тонна көмірқышқыл газын жібереді.Біздегі Балқаш көлінің ластанып, ондағы биоорганизмдердің жойыла бастауына Қытай қомақты үлес қосуда. Шекарадағы Дүбін нүктесінде Іле өзенінің суындағы нитрат көрсеткіші өмірге қауіпсіз қалыптан екі есе, мыс – 16, цинк – 2, темір 3,6 есе жоғары.Сыртта мемлекет мүддесін қорғау мақсатында компаниялары жұмыс істейтін – Пәкістан, Бангладеш, Мозамбик, Иран, Мавритания, Араб Эмираттары, Сомали, Түркия, Катар елдерінде Қытай техникалық мүмкіндіктері жоғары, заманауи қаруларымен жарақталған әскери базаларын орналастырған.Бүгінде АҚШ-ты, батысты қатты алаңдатып отырған Қытай киберқарулы күштерінің қызметі, өзге елдердегі ғылыми жаңалықтарды, технологиялық жетістіктерді, мемлекеттің жасырын мәліметтерін ұрлау. Тіпті басқалардың өміршең ғылыми идеяларын тез арада дайын бұйымға, қызмет түріне айналдырып сыртқа ұсыну, саяси жүрістерде қолдану қытай үшін үйреншікті жағдай, олар оған ұялмайды.Соңғы жылдары Қытай хакерлерінің әрекеттері әлемдегі өндіріс алпауыттары, болат құймаларын өндіретін Us Stelle, ядролық Westinghouse, Electric Co, компьютер шығаратын Alcol компанияларын зор шығынға отырғызды.Киберқарудан басқа, сырттағы барлау, тыңшылық қызметтерін мемлекет ондағы тығыз орналасқан қытай диаспоралары арқылы жүргізеді.Келешек әлемдегі шешімі қиын мәселе – халықты еңбекпен қамтамасыз ету. Әрбір ел ішкі табиғи мүмкіншіліктерін, географиялық орналасу жағдайын, ең бастысы, адам капиталын пайдаланып, жұмыс орындарын сақтауға, көбейтуге ынталы.Саясаткерлердің пікірінше, бүгінде толассыз ағылып жатқан қытай бұйымдарына алдағы уақытта Америка, Еуропа және басқа елдерден сұраныс азаюы мүмкін. Әзірге АҚШ пен Қытай арасындағы жылдық бұйым айналымы – 600 млрд доллар, Еуропа–Қытай – 400 млрд, Ресеймен – 70 млрд.АҚШ президенті Д.Трамп сайлаушыларға берген уәдесін орындап, Қытайдағы американ кәсіпорындарын өздеріне көшіріп, сырттан келетін бұйымдарға салықты 30-40 пайызға көтеретін болса, Қытайда ондаған миллион адам жұмыссыз қалады.АҚШ-қа ілесе Еуропа елдері ескі технологиямен өнім шығаратын өндіріс орындарын Қытайда қалдырып, өздерінде жаңа технологиялық негізде жұмыс істейтін өнеркәсіпті қалыптастыруды көздеп отыр.Шығыстағы көршімізде жұмыс тапшылығын күшейтіп, жұмыссыздықты әлеуметтік күйзеліске айналдыратын бірнеше жағдай бар. Қазір қытай мектептерінде 300 миллион оқушы бар, олар болашақ кәсіби деңгейі жоғары мамандар, бірақ елінде артық жұмыс жоқ. Осы орайда, Қытайда ғана емес, бүкіл әлемде таяу болашақта жұмыссыздықты күрт ұлғайтатын нәрсе – жоғары технология, сандандыру заманында бүгінде 100 қызметкер атқаратын шаруаны ертең бір компьютер орындайды.Осындай қауіптің алдын алу, әсерін бәсеңдету жолында Қытай адам капиталын дамытуға үлкен мән беріп отыр. Бәсекелестікке қабілетті, сұранысқа ие болатын маман болу үшін қатал тәртіп, тек өз күшіңе сену керектігі туралы ұғым мектеп оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің санасына әбден сіңірілген. Мысалға, емтиханды көршіңнен көшіргенің үшін өмір бойы жоғары оқу орнына түсу құқығынан айырылуың мүмкін. Қытай оқушыларының көбінесе таңдайтын мамандықтары – құрылыс, машина жасау, дәл ғылым, IT технологиялары.Сапалы білім беру жағынан Қытай көп мемлекеттерден көш ілгері. Бірнеше жоғары оқу орындары халықаралық рейтингтерде алғашқы ондыққа енеді. Салыстырмалы түрде ТМД елдеріндегі ең үздік оқу орны саналатын Мәскеудегі әйгілі МГУ бірінші жүздікке әрең ілінеді.Мақаланың басында келтірілген жайттарға байланысты келешек адамзат қоғамы үлкен қайшылыққа, соңы күрделі құбылыстарға, геополитикалық өзгерістерге, бейбіт жолмен, шешімі жоқ түйіндерге тап болуы мүмкін.Сондағы қазақтың сенімі, қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін, өзіндік идеяларға негізделген отандық ғылым жетістіктерін іске асыратын, бабаларымыздан мирас болып қалған кең-байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің тәуелсіздігі. Бұл құндылықты сақтау, келешекке қалдыру – бүгінгі бізге міндет. Жерімізге пиғылы жат келімсектерді, зиянды технологияларды енгізу келешегімізге қауіпті. Бабаларымыздан жеткен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – бүгін Қытайға еліміздің қақпасын айқара ашатын болсақ, ертең оны қайтара жаба алмай қалуымыз мүмкін.Тоқтамыс МЕҢДІБАЕВ, техника ғылымдарының докторыФото: el.kz
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега