Әлеумет

Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады (видео)

Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады. Бұл ақпаратты ҚР Қорғанысминистрлігінің баспасөз қызметі растап отыр.

Jasalash.kz

Министрліктің хабарлауынша, Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойыншажоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31ұшағы апатқа ұшырады. 

"Ұшқаннан кейінқозғалтқыштардың бірінде өрт шықты. Катапульттеуге команда алғаннан кейінәскери ұшқыштар ұшақты жерге қарай жіберді және халыққаештеңе қауіп төндірмейтініне көз жеткізіп, экипаж катапульттелді. Ұшқыштартірі. Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегікомиссия тағайындалды. Оқиға орнына Қазақстанның Әскери-әуе күштерііздестіру-құтқару қызметінің жасағы келді", — делінген баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

(Видео tengrinews.kz сайтынан алынды)

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега