Қарағанды облысында ірі қарадан кесел шықты
Қарағандыоблысындағы Шет, Жаңаарқа, Осакаров, Абай аудандарының кейбір ауылдарында іріқараларға бөртпе шығып, сондай-ақ, дене қызулары көтеріліп ауыра бастаған.
Абайауданына қарасты Юбилейный ауылының Жон бөлімшесінің тұрғыны Елена БУНТОВСКАЯда сиырларының осы кеселге шалдыққанын айтып отыр. Елена Бунтовскаяныңветеринарлық дәрігерлерге деген өкпесі қара қазандай. Бір тайыншасы ауырып өліпқалған. Енді екінші біреуі қорада ауырып тұр. Сонымен қатар тағы он шақтысиырдың денесінде жаралар пайда болыпты.
«Біздің ауылда биылғы жылы үш үйдің малдарына ғанавакцина салды. Яғни мал басы көптерге ғана екпе жұмыстарын жасады. Бізге ештеңедеп айтпады. Егер біздің малдарға екпе салу керек десе соны өзіміз сатып алатынедік қой. Малдарға екпе салынбаған. Бірақ базада барлығы егілген деп жазылыптұр», — деп қынжылады Жон ауылының тұрғыны Елена Бунтовская.
Ветеринармамандарының мәліметінше бұл сырқат надулярлық дермотит деп аталады екен. Кесел2016 жылы елімізде алғаш рет Атырауда басталған. Ресейдің Астрахань облысынанҚазақстанған келген. Аурудың негізгі қоздырғышы шыбын-шіркей болады. Қарағандыоблысында мамыр мен маусым айларында қалың жаңбыр жауғандықтан шіркей әлі деболса қалың. Сол себепті сырқат шіркейдің кесірінен өрши түскен. Мамандарбылтырғы жылы тамызда бұл сырқаттың қазіргіден анағұрлым көп болғанын айтады.
«Бұл ауруға қатысты өзіміз жорамал жасап отырмыз. Іріқараға егілген вакцинаның күші жетпей жатыр. Өйткені қазір шыбын-шіркей әлі қалың.Бұрын шілдеде шіркей қалмайтын. Малдың ағзасы кеселмен күресіп жатыр. Бірақсоған қарамастан ауру ауыр өтуде. Ол үшін қосымша вакцина салып малды емдеукерек. Дегенмен ауру қатты өршіп жатқан жоқ. Сондықтан карантин мәселесіқаралмайды», — дейді облыстық ветеринарлық бақылау инспекциясының бастығыҚайырбек ТҰРСЫНБЕКОВ.
Шенеуніктер Шет ауданына қарасты Ақой ауылында бес іріқара малының жұқпалы дерматит сырқатынан өлгенін растады. Ал қалған аурутіркелген аудандарда малдың көбісі қосымша екпе салудың нәтижесінде жазылыпкетіпті. Қайырбек Тұрсынбеков «Малым аурудан қырылды » деген тұрғындарғаветеринарлар зертхана қорытындысы жасалмай тұрып, нақты сол дерматиттен өлдідеп айту дұрыс емес дейді. Ветеринарлар мемлекеттен аурудың алдын алу шарасыүшін екпе жұмыстарының тегін жасалатынын айтады. Алайда мал ауырған жағдайдаоны емдеу үшін қосымша вакцинаны мал иесі өзі сатып алуы қажет екен. Дегенменауыл тұрғындарының көбісі қандай жағдайда дәріні сатып алу қажеттігін біле бермейді. ӘзіргеҚарағанды облысында ірі қарада білінген кеселге қатысты карантин қойылған жоқ.Тек ауырған малдарды өріске шығаруға және олардың сүті мен етін сатуғатыйым салынған.
Фото автордікі.