Аймақ

Қарағанды облысында сегіз вагон рельстен шығып кетті

Қарағанды облысында көмір тиелген сегіз вагон рельстен шығып кетті, — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Jasalash.kz

«2 қараша сағат 06.00-де Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Ботақара станциясының теміржол аралығының 27-шақырымында көмір тиелген сегіз вагонның, оның ішінде екі вагонның доңғалақ жұптары рельстен шығып кетті», — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қалпына келтіру жұмыстарын «Кузнецкий разрезі»  ЖШС жүргізіп жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега