Қарағанды шенеуніктерінің қауқары қарға жетер емес
Қала орталығын қар басып жатқанда басқа жерлер тазаланды ма деп сұрайдың өзі артық!
Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚОШАНОВ апарат жиынында қарға қауқары жетпеген шенеуніктерге шүйлікті.«Облыс орталығын толығымен қар басып кеткен, жаяу жүргіншілер жолдары көктайғақ. Қыс енді ғана басталды, ал проблема шаш етектен асады. Қар тазалау мәселесі ретке келмеген. Оны шешіңіздер. Бұл тек Қарағандыға ғана емес, барлық қала мен аудан әкімдеріне қатысты айтылып отыр. Көше жолдарын уақытында және жылдам тазарту қажет» — деді Ерлан Қошанов.Сонымен қатар, облыс әкімі жергілікті полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлеріне шалғайдағы елдімекендердің жолдарын бақылауға алуды тапсырды.«Егер қандай да бір елді мекен жолдарын қар басып қалғандықтан қиындыққа тап болып қалса, мені ақпараттандырып отырыңыздар»Дегенімен, жаздың ыстығына, қыста боранына төзіп келе жатқан жұмысшылардың жұмысын да бағалау керек. Олар күні түні дамылсыз қар тазартқандарымен, ауа райының қолайсыздығына байланысты үлгермей жатады деген уәж де айтылды.«Үлгермей жатқанымыз рас. Дегенмен көше тазартып, қармен арпалысқандардың жұмысын да бағалау керек. Оған да түсіністікпен қарасаңыздар. Қыс түскен бойда, бірден жаңбыр жауып, артынан қар түсті. Кейін аяз басталды. Соның барлығы бізге қолайсыздық тудырды. Бүгіннің өзінде 30-дан аса техника жұмыс жасап жатыр. 210 жұмысшы бар. Жұмыстың қиыншылығына қарамастан 90-120 мың теңге аралығында еңбекақы төлейміз»,- деді Адай ЕСЕНБЕКОВ «Тазалық эксперт» фирмасындағы жол учаскесі басшысы.Фото ғаламтордан алынды.