Әлеумет

Қарағандыда 26 млн теңге жұмсалған үй бір жылдан кейін бұзыла бастады

Қарағандыда 8 жыл бұрын тұрғын үй коммуналдық шаруашылығымодернизациялау бағдарламасымен пилоттық жоба ретінде жөндеу жасалған тұрғынүйдің кірпіштері құлап жатыр.

Jasalash.kz

Қарағанды қаласындағы Мұстафин көшесіндегі 26 үйге осыдан 8 жыл бұрын тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы модернизациялау бағдарламасымен алғаш рет жөндеу жұмыстары жасалған. Тұрғын үйдің сырты жөнделіп, шатыры ауыстырылған болатын. Бастапқыда жұмыс жақсы аяқталып, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын  модернизациялау  мемлекеттік бағдарламасымен жасалған жөндеу жұмыстары  облыс билігі тарапынан «жер көкке сыйғызбай» мақталған болатын.Тіпті бұл жұмыс аяқталғанда сол кездегі үкімет басшысы Серік АХМЕТОВ Қарағандыға іс сапармен келгенде  пилоттық жобаның алғашқы нәтижесі деп аймақ билігі осы үйді көрсеткен екен.Бір жылдан кейін халықтың  күткен үміті ақталмады.Тұрғындардың айтуынша, үйге жасалған жөндеу жұмыстары сапасыз болып бір қысқа да жетпепті. Бұл үйдің сыртқы сылағымен қоса кірпіштері құлап, шатырдан  жауынды күндері су ағып, жұрттың берекесі  кеткен.

Ал бұл тұрғын үйге мемлекеттік бағдарламамен «Шебер» ЖШС  жөндеу жұмыстарын жасаған болатын.Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бұл жұмыс бойынша бас мердігер болып саналған.Үйдің тұрғындары «Шебер» фирмасымен келісім шарт жасасқан.Жалпы бұл 3 қабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына 26 млн теңге қаражат бөлінген.Тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттен берілетін  тұрғын үй көмегін рәсімдеткен.Бұл қаражаттардың барлығы осы үйдің жөндеу жұмыстарына бөлінген.Үйлерінің бұрынғы кейпіне жете алмай қалған тұрғындар «мемлекеттен бөлінген қыруар қаржы желге ұшты» деп наразы. Жөндеу жұмыстарына қатысты туындаған дау дамай кезінде бас мердігер қалалық  коммуналдық  шаруашылығы  «Шебер» ЖШС мен соттасқан.Сотта қалалық коммуналдық шаруашылығы жеңіп шыққан көрінеді. Осылайша даңғазамен басталған пилоттық жобаның жемісін тұрғындар көре алмай отыр. Енді тұрғындар үйлерінің шатырымен сыртын подьезін жөндеткені үшін әр пәтер шамамен бір миллион теңгедей қаражатты бірнеше жыл ішінде қайтаруы тиіс. Владилен Терещенко облыс бойынша барлық құзырлы орындарға барып шағымданымен ешқандай нәтиже шықпапты.

«Қар еріп суғаайналады да шатырдан үйге тамшылап ағады. Бұл шатырды әйтеуір бір жасай салукерек деп қалай болса солай жасаған.Бұрынғы шатырда бізде төбеден аққан судың үйгекірмеуі үшін жасалған су ағар болған еді. Енді оны алып тастады.Тіпті жауын көпжауған күндері маза болмайды, мына жерден саулап ағады. Ыдыстарды қойып жанжағын сүртіп, әлек боламын,-»деп қынжылады Мұстафин көшесіндегі 26 үй тұрғыныВладилен ТЕРЕЩЕНКО.

Сорақысы сол үйдің сыртқы сылағымен қоса бүгіндекірпіштеріде құлап жатқан көрінеді.Тұрғындар шеткі подьезден шығудың қорқыныштыекенін айтады.Бір кездері мұнда төбеден құлаған кірпіш подьездің терезесінқиратқан, әрі үйдің жанында тұрған көліктергеде құлапты.Бастапқыда  үйдің жөндеу жұмыстары бойынша бас мердігерболған қалалық коммуналдық шаруашлығына мән жайды анықтау үшінхабарластық.Мұндағы мамандар қазір бұл мәселеге қатысты барлық жауапкершіліктіҚарағанды облысының тұрғын үй модернизациясы қорының орталығы көтеретінінмәлімдеді. Ал аталмыш орталық  мамандарының айтуынша бастапқыда тұрғындар «Шебер» фирмасымен келісімшартқа отырған, ал қазір бұл фирма сол келісімді бұзбай отырған көрінеді.

«Бастапқыда бұлүйдің жөндеу жұмыстарына 26 млн теңге бөлінген, алайда сот барысында  біршама қаржы қысқартылған. Біз қазір бұлүйге жөндеу жұмыстарын жасатқымыз келеді. «Шебер» бізге мұндай мүмкіндік бермейотыр. «Шебер» ЖШС тұрғындармен келісімді бұзбағандықтан біз іске кірісе алмайотырмыз», — деп мәлімдеді Қарағанды облыстық тұрғын үй модернизациясы қорыорталығы директорының орынбасары Арман ШАХМАНОВ.

Фотоларавтордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега