Әлеумет

Қарағандыда «Древний Рим» оқиғасына қатысты тергеу аяқталды

Қарағандыда «Древний Рим» мейрамханасында болған жаппайтөбелеске қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды.

Jasalash.kz

Бұл туралы ақпараттыинстаграмм желісіндегі patriotkaragandyпарақшасы жариялады. 23 жастағы жігіттің өлімімен аяқталған төбелеске қатысыбар деген 14 күдікті анықталған. 13 күдікті қамауда, тек бір ғана күдікті «Древний Рим» мейрамханасының даяшысы кепілдікке мүлік қойу арқылы үйінде  отыр.Күдіктілерге  кісі өлтіру және бұзақылық  қылмыстарына байланысты айып тағылды.Күдіктінің бірі Нарек ГУРУРЯН  төбелестенкейін Ресейдің Омск облысына қашып кеткен. Қазір  бұл азамат Ресей Федерациясында қамауда отыр.Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

«Древний Рим» оқиғасына қатысты өңірдегі  «ЖасАЛАШ»тілшісі мән жайды анықтауға тырысып, құзырлы орындарға хабарласты.Алайда облыстық  Прокуратура мен ПолицияДепартаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми мәліметтіңберілмейтінін айтты. Жауапты орын өкілдері «бұл ақпарат қайдан шықты»д егенсауалға, адвокаттар  таратқан болуыықтимал деген болжам білдірді.

Еске сала кетсек 2019 жылы жаңа жыл кешінде Қарағандықаласындағы «Древний Рим»  мейрамханасынакелушілер арасында жаппай төбелес болған еді. Екі топ арасында болған жанжалкезінде пышақ жарақатын алған 23 жастағы Рахымжан ЖАНСЕЙІТ  сол жерде көз жұмды. Тағы үш адам пышақжарақатын алып ауруханаға түскен еді. Жаппай төбелес жайында ақпарат жаңа жылкүні бүкіл елге тарап кеткен. 2 қаңтарда бір топ қарағандылықтар   «ДревнийРимнің»  алдына жиналып мейрамхананыңжабылуын талап еткен болатын. Халықтың наразылығы бұнымен тоқтамады. Осыданкейінгі күндері де наразы болған Қарағандылықтар көшеге шықты әрі  Полиция департаментінің алдына  жиналып наразылықтарын білдірді. 6 қаңтардаҚарағанды қаласының орталығына жиналған 200-ден аса адам кісі өліміне әкеліпсоқтырған төбелестің «әділ тергелуін» талап етті. Наразы болған халыққа облысәкімі  Ерлан ҚОШАНОВ шығып, бұл мәселеніөзі тікелей бақылауға алатынын айтып, жұртты сабырға шақырған еді.

Фото: holanews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега