Әлеумет

Қарағандыда көпбалалы отбасыларды сотқа тартып жатыр

Қарағанды облысына қарасты Шахан елдімекенінде көпбалалыотбасылар істі болып жатыр.

Jasalash.kz

Оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімі сотқа берген. Бұл туралы өңірдегі «Жас АЛАШ»тілшісі хабарлайды.

Үкіметтен атаулы көмек алып бастары істі болғанекі отбасымен «Жас АЛАШ»тілшісі сөйлесті. Бұлекі отбасының отағасылары мектепте отжағушы боп еңбек етеді. Әлеуметтік сала мамандары оның біреуіне жеке меншіккөлігің бар десе, екінші отбасына 30 мың теңге несие алғанын жасырды деп сотқашағым түсірген. Күлесіз бе, жылайсыз ба?

Ғафу АЛХАЙДАРОВ төрт баланың әкесі. Шахандағы мектепте қыста от жағып, ал жаз айларында мектептешаруашылық жұмыскері боп бала-шағасын асырап жүр. Бұл отбасы көктемде атаулы әлеуметтік көмек алуүшін құжат тапсырған. Құжаттарын қараған мамандар әлеуметтік көмектітағайындапты. Ғафу Алхайдаровтың отбасы 4 ай бойы ай сайын 93 мың теңгеден атаулы әлеуметтік көмекті алыпты.Енді Шахтинск қаласының жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары бұл отбасын сотқа беріп отыр. ҒафуАлхайдаровтың жұбайы Нұрсұлудың  айтуынша, шенеуніктер бұрынғы алған несиені жасырып қалдыңдар деп кінә таққан.

«Несиетуралы менен ешкім сұраған жоқ қой. Егер сұраса айтатын едім. Ол бұрын алынғаннесие, оны төлеп тастаған едік. Көмір түсірген кезде отыз мың теңге жетпейқалғандықтан тездетіп, несие ала салғанбыз. Сол базадан кейін шығып қалғанекен. Сосын мектепте от жағушы жұбайымның жалақысы базадан150 мың теңге болып көрінген. Мектеп есепшісі зейнетақы қорына шатасып, бірнеше рет ақша аударып жіберген екен. Бізмұны кейін білдік. Өзім кенже балам енді ғана бір жасқа толғандықтанүйде отырмын. Қазір жұбайымның 49 мың теңге жалақысына қарап отырмыз. Үш рет сотөтті. Бүгін тағы сот. Қорқып отырмын», -дейді Нұрсұлу АЛХАЙДАРОВА.

Енді әлеуметтік сала мамандары Ғафу Алхайдаровтансот арқылы атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілген 374 мың теңгені қайтарыпалмақшы.  Нұрсұлу Алхайдарова іске жарапкеткен ол қаражатты қайдан тауып береміз деп қынжылады.

Ал көлігі бар болып басы пәлеге қалған екіншіотбасы Шаханда тұратын Әлібек СӘРСЕНБАЕВТЫҢ жанұясы. Оның 7 баласы бар. Жекеменшік фирмада күзетші, ал екінші жұмысына қыста мектепке от жағушы болыпшығады екен. Бұл отбасына  517 мыңтеңгені бір ай ішінде тауып, бюджетке қайтарыңдар деп шенеуніктер ескертіпті.Отағасы  бүгінде сотқа барып сабылып жүр.

«7 баламболғандықтан ескі көлік сатып алған едім. Арасында таксилетсем бе деп. Олбылтыр қараша айынан бері сынып тұр. Бірақ менің атымда тұрған көлік. Оны ешкімсұраған жоқ. Тексерсе базадан шығар еді ғой. Ал екінші жұмысты жасырдың  дейді, оған қыста ғана шығамын. Бірақ солжерден зейнетақыға қаржы аударылады.Мұның барлығын қалай жасырам? Ол да ақпаратбазасында көрсетіліп тұрады дейді ғой. Басында әлеуметтік көмекке құжатқабылдағанда «е, үкіметтен бір қайыр болды –ау» деп қатты қуанып едік. Ендіберген ақшаларын даулап, басымызды пәлеге қалдырды. Оны білгенде басында бастартуым қажет еді», — деп өкінеді Шахан қаласының тұрғыны ӘлібекСарсенбаев.

Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімінің мамандары Шахандағы екі көп балалы отбасына қатыстысотқа арыз түсіргендерін растады.  

«ҒафуАлхайдаровтың отбасына қатысты оларда екінші тоқсан бойынша табыстың көлеміартып тұр. Ал екінші отбасында отағасы екінші жұмысының бар екенін әрі көлігінжасырып қалған. Табыстарының не себепті артық шығып тұрғанын, оған кімдердіңкінәлі екенін сот шешеді. Есептегенде табыс артық болған соң, біз оларды сотқаберіп жағдайды анықтатуымыз керек. Бұл біздің міндетіміз»,- деді Шахтинскқаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектормеңгерушісі Ақмарал ШЫНЫБАЕВА.

Фотоларавтордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега