Өңір

Қарағандыда короновирусқа шалдыққан екі науқас жан сақтау бөлімінен шықты

Қарағандыда короновируспен сырқаттанғандардың үшеуі жан сақтау бөлімінде жатқан болатын.

Jasalash.kz

Бүгінде дәрігерлер жан сақтау бөлімінде жатқан екі науқасты палатаға ауыстырған. Дәрігерлердің айтуынша олардың  денсаулығы жақсара бастаған. 9 сәуірде сырқат жұқтырғандардың  қатарын тағы екі адам толықтырған. Бұл кеселге шалдыққан жандармен араласқан тұрғындар. Қарағанды облысында 57 адам короновирусты жұқтырған. Оның ішінде  62 жастағы нотариус қайтыс болды. Ем алып жатқандардың екеуінің жағдайы ауыр, ал 8 науқастың денсаулығын дәрігерлер орташа ауыр деңгейде деп бағалайды. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Бүгінде Қарағандыда 1594 адам үй карантинінде отырса, 818 тұрғын дәрігерлердің тәуліктік бақылауына алынған. Қарағанды облысы аумағында көп қабатты тұрғын үйлердің 14 подъезді карантинге қойылған. Бұл үйлердің тұрғындарына он төрт күн бойы сырқатқа шығуға рұқсат жоқ. Осы тұрғын үйлерде отырған жандардың ішінде тамақтарының таусылғанын, азық түлікті сырттан дұрыстап жеткізіп бермейтінін айтып,  әлеуметтік желіде шу шығарғандарда кездесті. Дегенмен Қарағанды билігі мұндағы халықтың айтарлықтай аш емес екенін жеткізді.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА, 

Қарағанды

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега