Қарағандыда короновирустан қайтыс болған адам нотариуста жұмыс істеген
Қарағандыда короновирустан қайтыс болған тұрғын нотариус қызметін көрсеткен."Қарағанды қаласында 1958 жылы туған ер адам короновирус сырқатынан көз жұмды.
Науқас дәрігерге қаралмай, үйде емделіп уақыт өткізіп алған. Жағдайы ауырлаған кезде дәрігер көмегіне жүгінген. Ол Қарағандыда нотариуста жұмыс істеген. Бүгінде оның отбасы мүшелері оқшауланған. Сонымен қатар байланыс жасаған басқа да адамдар анықталып, денсаулықтары тексерілуде. Дәрігерлердің айтуынша ауру жұқтырған 13 науқастың жағдайы тұрақты. Осы аптада екі науқасты аурудан сауығуына байланысты ауруханадан шығару жоспарлануда. Бүгінде Қарағандыда 598 адам тәулік бойы медициналық бақылаудағы карантинде, үй карантинінде 1076 адам бар." Кеселге шалдықпау үшін барлығымыз, кез келген адам жауапты болуымыз қажет. Сол себепті жеке бас гигиенасын сақтап, үйде отырыңыздар. Денсаулыққа байланысты қандай да бір шағым болса, бірден жедел жәрдем шақырыңыздар ",- деп мәлімдеді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ержан Нұрлыбаев.
30наурызда Қарағанды қаласының ауруханаларының біріне 62 жастағы ер адамжатқызылған. Науқастың тыныс алуы қиындаған. Екі жақты пневмония болған. Тынысалуы қиындаған. Жағдайы ауыр болған. Ер адамның өліміне коронавируссебеп болғаны анықталды. Қазір қайтыс болған адаммен байланыста болғандар анықталып жатыр.
Арайлым ЕРКЕБАЕВА,
Қарағанды