Қарағандыда короновирустан жазылғандардың саны отызға жетті
Қарағанды қаласында 23 сәуірде 11 адам короновирустан жазылды. Олардың барлығы Қарағанды қаласының тұрғындары.
Дәрігерлер он науқастың денсаулығын жеңіл, бір тұрғынның сырқатын орташа деңгейде ауыр деп бағалаған еді. Бүгінгі күні олардың барлығы толық емдеу курсын алып шықты. Ауруды анықтау үшін екі рет сараптамадан өткен. Нәтижелері теріс болып шыққан. Өздерін жақсы сезінген тұрғындарды ауруханадан шығарған. Олар енді 14 күн бойы үй карантинінде отырады. Осылайша Қарағанды қаласында қауіпті кеселден жазылып шыққандардың қатары отызға жетті.
Дегенмен сырқат жұқтырғандар қатарына бүгін тағы бір адам қосылды. Ол бұрын карантинге алынған 1987 жылғы Теміртау тұрғыны. Қарағанды облысында 23 сәуірдегі жағдай бойынша короновирус жұқтырғандардың саны 103 болып тұр. Олардың ішінде 47 адам қарағандылықтар болса, Теміртауда 35, Шахтинскіде 7, Саранда 1, Бұхар жырау ауданында 1, Шет ауданында 1 жағдай тіркелген.
Науқас жұқтырған 11 адам өзге облыс тұрғындары. Қарағанды облысы аумағында карантиндік шаралар күшейтіле түскен.
Толық мәліметтерді мына жерден оқисыздар.
Арайлым Еркебаева,
Қарағанды