Өңір

Қарағандыда қоқыстан бала табылды

Қарағанды қаласындағы Майқұдықта қоқыстан нәресте табылды. Абырой болғанда, сәбитірі екен.

Jasalash.kz

Бала қоқыс жәшігінің үстіңгі жағында жатқан. Сол маңның тұрғындарықоқыс тастап жатқанда,  баланың жылағандауысын естіп, қоқысты ашып қарағанда баланы көрген. Сәбидің үстіне қатты қоқысқалдықтары тасталмаған. Баланы тауып алған тұрғындар дереу арада жедел жәрдеммен полиция қызметін шақырыпты. Сәбидің туғанына шамамен бір ай болған. Қарныашып, әбден жаурап қалған баланы жедел жәрдем қызметі балалар ауруханасынажатқызған.

" 3 сәуірде Октябрь ауданындағы үйауласындағы қоқыс жәшігінен сәби табылды. Дәрігерлер баланың денсаулығын қарапжатыр. Баланың денесінде жарақат белгілері жоқ. Қазіргі уақытта баланың анасыіздестірілуде ",- деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментібаспасөз қызметінің бастығы Жанатай Сембеков.

Қазіргі уақытта көкек ана іздестіріп жатыр.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА, 

Қарағанды 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега