Өңір

Қарағандыда құлаған ұшақтың ұшқыштары ауруханаға жеткізілді

16 сәуірде кешкі 19:00 шамасында Қарағанды аэродромының оңтүстік бөлігіне әскери ұшақ құлады.

Jasalash.kz
  Бұл жайында «Жас Алаш» бұған дейін жазды. Ұшақ әуеге көтерілген соң, қозғалтқыштардың бірінен от шыққан. Әскерилер ұшақты тастап кету қажеттігі жөнінде бұйрық алған соң, әуе көлігін далалы аймаққа бағыттаған.  Осыдан кейін екі әскерилер ұшақтан секіріп кеткен.Ұшақ бортында ұшқыш И.В Гаврилко және штурман А.С Құрманғалиев болған. Ұшақ құлаған соң әскери мамандарды тік ұшақпен Мақажанов атындағы клиникаға жеткізген.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  зардап шеккен әскерилердің біреуінің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде болса, екіншісінің жағдайы орташа ауыр деңгейде. Қазіргі уақытта әскерилерге жан-жақты дәрігерлік көмек көрсетілуде. 

Арайлым ЕРКЕБАЕВА, 

Қарағанды

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега