Әлеумет

Қарағандыда сайлау күні уәде етілген тегін қоғамдық көліктер аз жүрді

2018 жылдың 30-мамыр күні Қарағанды облысының басшылығысайлау күні облыстағы қоғамдық көліктердің тегін қызмет ететінін хабарлағанеді.

Jasalash.kz

Алайда, халық тегін автобустарды күтумен шаршаған. Бұл туралы «Жас АЛАШ»сайтының өңірдегі тілшісіхабарлайды.

Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармабасшысының орынбасары Нұрлан ЕСЕНТАЕВ жергілікті журналисттерге бергенсұхбатында барлық әкімдер тегін автобустармен қамтамасыз ететінін айтқан.Әкімшілік жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындарды бір күн тегін жұмыс жасауғакөндіріпті.

Жолаушылардың айтуынша автобустар қала бойыншатұрғындарды тасымалдауға аз шыққан. Осыны пайдаланған такси қызметі де бағасыншарықтатып жіберген. Аялдамадағы наразы болған жұрт «бұлай жасаған тегінавтобусы құрысын» деп қатты налыды. Қарағандылық  журналист Жібек МҰҚАШЕВА  жұмыс барысыменбірнеше сайлау бөлімін аралаған кезде автобус тапшылығын әбден сезінгенінайтады.

«Мен Қарағандыэкономикалық  университетіндегі сайлауучасткесінен шығып, қаланың орталық көшелеріне бару үшін аялдамада автобускүттім.Тура сол жерде бір сағат 15 минут тұрдым. Шақырсам  не такси келмеді. Осылай жүргенде  түк жұмысым бітпеді, үйге кешке қарай әзержеттім ғой. Тегін автобусты дұрыс ұйымдастырмаған. Ең құрығанда жарты автобустыақылы етіп шығару керек еді», —  дейді  Жібек Мұқашева.

Қарағанды тұрғыны Жаннұр ЕЛУБАЕВА  өзі тұрып жатқанауданнан қашықта орналасқан сайлау бөліміне  барамын деп жоқ жерден әуре сарсаңға түстім дейді. Ол қаланың орталығындағы 45орам аялдамасында автобусты күтіп, 50 минут тұрыпты.

«Ақыр соңында өзавтобусым келмеген соң амал жоқ  41 автобусқаміндім. Мұнда отырған кезде кондуктор жолақысын жинады. Ол қаланың сыртына шығатын қоғамдық көліктердің тегінемес екенін айтты.Автобус күтіп тұрған адамдар қатты ашулы болды. Бүйткенсайлауы да, тегін автобусы да құрысын деп айғайлағандар да болды. Тегін емессол 80 теңгемізді жолақысына төлеп жүре берген дұрыс еді»,  дейді қала тұрғыны Жаннұр Елубаева.

Қаладағы автобус парктерінің көбі көліктерін жалға бередідеген ақпарат бар. Жалпы, жолаушыларды тасымалдаумен жеке кәсіпкерлердіңайналысатынын ескерсек сайлау күні тұрғындардың сарсаңға түсуін түсінугеболады. Кәсіпкерлер шенділердің барлық бұйымтайын орындай бере алмайды-ау.

Фото: ekaraganda.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега