Әлеумет

Қарағандыда салынып бітпеген тұрғын үйді қайта құлата ма?

Қарағанды қаласында құрылысы салынып бітпеген коммерциялықтұрғын үйлерге қатысты шу шықты.

Jasalash.kz

 Волочаевская көшесіндегі 20қабатты тұрғын үй салынып бітпей жатып дау -дамайға негіз болды. Бейресмидеректертерге сүйенсек былтырғы жылы осы көшенің тұрғындары 20 қабатты үйдіңсалынуына қарсы болып билікке шағымданған.Тұрғындар қарсы болған соңмемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасы тексеруге кіріскен еді. Үйдіңқұрылысына көңілдері толмаған басқарма мамандары құрылыс салушының үстіненсотқа шағымданды. Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау  басқармасысалынып жатқан тұрғын үй сүрілуі тиіс деген талап қоюда.«Қазіргі уақытта  мамандандырылған экономикалықсотта бұл іс қаралып жатыр. Әзірге сот жүріп жатқандықтан қандай да бірболжамды мәлімет айту қиын. Кімдікі дұрыс,кімдікі қате екенінсот анықтайды», — деп мәлімдеді Қарағанды облысының Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылаубасқармасының бөлім бастығы Әлібек АЙТЖАНОВ.Бұл үйдің құрылысын салушы  «Евразия Билдинг» ЖШС-нің Волочаевская көшесіндегі үйден  басқа да уақытында салынып бітпей тұрғанкоммерциялық  үйлері де бар екен.

«Бұл үйлердің құрылысынеге кешікті» деген сауалды облыс әкімі аппараттық жиналыстақала әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВКЕ жолдады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында Мұз сарайының жанындасалынып жатқан «Комфорт үйі 1» және «Комфорт үйі 2 » тұрғынүйлеріне қатысты мәселе көтерілген болатын. Бұл екі үйдің құрылысы жылдыңаяғына дейін аяқталып пайдалануға беріледі. Ал Волочаевская көшесіндегі үйгеқатысты, мұнда сот өтіп жатыр әрі тұрғын үй құрылысына қатысты сараптама жасау көзделіп отыр»,- дейді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров.Дегенмен қала белсендісі журналист Ботагөз ОМАРОВА «аталмыш құрылыссалушы фирма әкім қаралар айтқандай үш үй емес, жеті үйдің құрылысын кешіктіріпотыр» деп мәлімдейді.«Евразия Билдинг» ЖШС директоры Айдос МҰХАТАЕВ тек Волочаевскаякөшесіндегі бір үйдің ғана құрылысы кешігіп тұрғанын айтады.«Басқа үйлер келісім шартта көрсетілген уақыттапайдалануға беріледі. Тек Волочаевскаядағы үй сот процестерінің кесірінентоқтап қалған.Қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қарағандыдақұрылыс жұмыстарына тексеріс көп жасалады сосын қалай жұмыс тез бітеді. Бірнешерет тексерген бірақ біз өзіміздің жұмысымыздың дұрыс екенін дәлелдедік. Бұлүй Бұқпа өзенінің арнасынан 70 метр қашықтықта тұр. Барлық қауіпсіздік шараларыжасалған. Біз бұл үйге 2 миллиард ақшамызды салдық. Қауіпті жергеүй салып ақшамызды әдейі желге ұшырмайтын шығармыз,бәрі заңды»,- деп мәлімдеді «Жас АЛАШ»сайтына сұхбат берген Айдос Мұхатаев.Дегенмен бұл істің ақ қарасын сот шешетін болады.

Фото автордікі. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега