Өңір

Қарағандыдағы тозығы жеткен жедел жәрдем басқа нысанға көшті

Біз бұдан бұрын «ЖасАлаштың» сайтына Қарағанды облысына қарасты Майқұдық елді-мекенінде ескіғимаратта жұмыс істеп жатқан жеделжәрдем туралы ашып жазған болатынбыз.

Jasalash.kz

 

Мақалада жедел-жәрдемніңадам шошырлық күйін, үстемақыға жете алмаған, әрі бетпердеге жарымаған дәрігерлердіңжанайқайын айтқан едік. «Жас Алаш» қаузағаннан кейін бұл жайттан жергілікті билік қорытынды шығарып, олардыбасқа ғимаратқа уақытша қоныстандырды.  

Атапкөрсеткеніміздей, мемлекеттік бағдарлама бойынша Октябрь ауданының жеделжәрдемі үшін  екі подстанцияны салужоспарға алынған. Оның бірі Майқұдықта, екінші ғимаратСұрыптау станциясында салынады. Алайда Майқұдықтағы жедел жәрдемнің құрылысынаяқтау уақыты асып кетсе де, ол әлі салынып бітпеген. Мұнда құрылыс сапасынакөңілі толмаған тапсырыс беруші мердігерді сотқа бергенін де біз жаздық.

Бүгінде басқа ғимаратқа қоныстанған жедел жәрдеммамандары індеттенқорғайтын, бір реттік  киімді  жумайтын болған. Оларды жеткілікті деңгейдеқорғаныштық киімдермен және  бетперделермен қамтамасыз еткен. Сонымен қатароблыс әкімінің тапсырмасымен қаупі жоғары деңгейдегі жұмыс тобына жатқызылмағанмамандарға да  үстемақы төлеуге облыстық бюджеттен 69 млнтеңге бөлінген.  Қазірде  жедел жәрдем көлігін жүргізушілер менфельдшерлер жалақыларына қосымша үстемақы алды.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА,

Қарағанды

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега