Әлеумет

Қарағандыдағы жедел жәрдем станциясы Бесобадай құлауы мүмкін

Қарағандыда жаңа жедел жәрдем станциясын салып жатқанбас мердігер егер бұл ғимарат тұрғызылса, кейін оның құлап адам өміріне қауіптөндіретінін мәлімдеді.

Jasalash.kz

Қарағандыдағыоблыстық денсаулық сақтау басқармасы үміт артып отырған үлкен жоба яғни  жедел жәрдем станциясының ғимараты салынбайжатып,  дау-дамайға тап болды. Бұлнысанның іргетасын салған мердігер «ТехСтройСнаб ЛТД» ЖШС  директоры ТалғатХАМИТОВ жедел жәрдем станциясы үшін арнайы бөлінген жер аумағының сужиналып  тұрған құмды бөлік екенінмәлімдеуде. Бұл нысанның тапсырыс берушісі облыстық денсаулық сақтау басқармасымен құрылыс басқармасы болып отыр.Талғат Хамитов қазірден бұл жағдайдың алдыналмаса, жедел жәрдем станциясы тапа-тал түсте құлап қалған  «Бесобаның» күйін кешеді деп дабыл қағуда.

«Бұл нысан осы жерге салынатын болса қауіп төндіреді. Өйткенібұл жерге жер асты сулары  жиналыптұрады. Осындай жер асты суларының жиналғанынан бүкіл елге танымал  «Бесоба»тұрғын үй кешені құлап қалған болатын. Егер бұл ғимарат құлап қалса, не болады?Дәрігерлермен ем алушылардың өміріне қауіп төнеді. Мен бұл жөнінде құрылысбасқармасын хабардар еткенмін. Дегенмен де мен осы жауапкершілікті өзіме алып,қосымша қаражатымды  жұмсап, нысанныңіргетасының мықты болуына әрекет жасадым», — дейді «ТехСтройСнаб ЛТД» ЖШС  директоры Талғат  Хамитов.

Мердігердің  айтуынша жаңа  жедел  жәрдем станциясы ғимаратына қатысты келеңсіздік мұнымен аяқталмаған. Сорақысысол, бұл жедел жәрдем станциясы құрылысы жобасында жылу желілеріне қосуғақатысты техникалық  рұқсат қағаздарыболмай шыққан.

«Бүгінде жедел жәрдем станциясының жылу желілеріне қосуғақатысты техникалық құжаттары жоқ. Жылу транзит компаниясы  жылу  жүйесін беру қуаттылығының  жетіспеушілігі кесірінен бізге жедел жәрдемдіжылуға қосатын нысанды беруден бас тартты. Сондай-ақ, жедел жәрдем құрылысыныңжобасы сумен қамтамасыз ететін мекемемен де келісімге келмеген. Сондай-ақ,жобада кәріздік жүйе желісі де дұрыс берілмеген»,- деп мәлімдеді бас мердігерТалғат Хамитов.

Бұл азболғандай  жедел жәрдем  көліктері үшін жасақталатын гаражжобасыда  құрылыс  нормасына сай келмейді екен. Жаңа жеделжәрдем станциясы Октябрь ауданында салынып жатыр. Құрылыс салуға жауапты болғанкәсіпкер «бұл жоба нақты жетілмеген, қате кемшін  тұстары өте көп.Тапсырыс беруші құрылысбасқармасы бұл жобаны қайта түзетуі керек. Өйткені біз ертең нысан құлап жатса,соттың алдында жауап бергіміз келмейді », — деп алаңдайды.

Мәселенің мән жайынбілмек болып Құрылыс басқармасына хабарласқан едік. Дегенмен мемлекеттік органмердігердің қойған талаптарымен келіспейтінін жеткізді.Әуелгіде құрылыс орыныжасақталған кезде  жер қыртысынасараптама жасалып, ол оң нәтиже көрсетіпті. Жедел жәрдем станциясының құрылысы 2018жылы шілдеде басталыпты. Бүгінде мердігер екі қабатын көтеріп үлгерген.

«Алғашқыда байқауға қатысқан кезде кәсіпкер бөлінгенқаражатқа 30 пайыздық жеңілдік жасауға келіскен. Бүгінде ол құрылыс нысанынжобадан ауытқу жасау арқылы салып жатыр. Ғимаратты жобадағы өлшемнен 26-28 смтөмен салып жіберген.Бұл ғимараттың сапасына нұқсан келтіреді. Сондай-ақ, гаражнысанына қатысты құрылыс жұмыстарында жіберіп алған олқылықтары бар. Ал жобаныңжылу және су жүйесіне қатысты техникалық құжаттары бар»,- деп мәлімдеді Құрылыс,сәулеткерлік және қала құрылысы басқармасының баспасөз хатшысы БалдырғанЖОЛДАСБАЙ.

Құрылыс басқармасымаусым айында мердігер жіберіп алған олқылықтарын орнына келтірсін дегенталаппен сотқа жүгініпті.

Фотоларды автор ұсынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега