Әлеумет

Қарағандылықтар балабақша ақысының қымбаттағанына наразы

Қарағанды қаласындағы Пришахтинскі елді мекенінде екібалабақшаның қызметі 1 қыркүйектен бастап қымбаттайды.

Jasalash.kz

Бұл қымбатшылыққа наразылар Қарағанды қалалық білімбөлімінен бастап, құзырлы орындарға дейін аралап шағымдануда. Айтуларынша 2тамызда «Ақжарқын » бала бақшасының басшысы 1 қыркүйекте балабақша қызметі бесмыңға, кейін қаңтарда тағы бес мың теңгеге көтеріледі  деп ескертіпті. Бұл жерге келетін үш жүзденастам балақайлардың барлығы мұнда мемлекеттік тапсырыспен орналасқан. Яғнимұнда әр бала үшін қала бюджетінен ай сайын 26 мың теңге бөлінсе,  тамағы үшінтағы 11 мың теңгені ата-аналар төлейді. Енді балабақша ата -аналар үшінтөлейтін қызмет түрінің бағасын өсіруді қыркүйектен бастап қолға алмақшы.

«Үш баламбалабақшаға барады. Мен әр балаға  11 мыңтеңге төлеп отырмын, енді әрқайсысына 20 мыңнан қалай төлеймін. Басындабалабақшамен қымбаттау болмайды деп 2021 жылға дейін келісімге отырғанедік.Қазір маған үш балаң болса мың жарым теңгеден жеңілдік жасаймыз деп отыр.Ол маған не болады? Балабақшаның ақшасынан бөлек балам бірінші сыныпқа барады.Сосын цирк келеді. Концерт те келеді.  Басқабалалар барған соң еріксіз ақша тауып береміз.Отбасында жұбайым ғана жұмысжасайды»,-дейді Пришахтинск тұрғыны Сәуле БОРАНБАЕВА.

Пришахтинскідегі жеке меншік кәсіпкерге тиесілі екібалабақша да қызмет ақысын  1 қыркүйектенбастап бірден тоғыз мың теңге өсіреді. Кәсіпкер бастапқыда бағаны өсіруді екікезеңмен жүзеге асырмақ болған екен. Алайда соңғы уақытта бірден бағаныкөтеруді жөн санапты. Енді мемлекеттік тапсырыспен  баласын беріп отырған ата-аналар баласы үшінай сайын 20 мың теңге төлейтін болады.Балабақша ашып кәсібін дөңгелетіп отырғанкәсіпкер  бағаның қымбаттауына алғашқыдауәде етілгендей бюджеттен берілетін субсидия көлемінің ұлғайтылмауыменбайланыстырады.

«Біз 2017 жылданбастап мемлекеттік тапсырыс бойынша баланың тамағы үшін ата-аналардан 11 мың теңге алып келе жатырмыз. 2017жылдан бері азық-түлік бағасы қымбаттап кетті. Сондықтан бұл 11 мың теңге азболады. Биылғы жылы екі рет балабақша қызметкерлерінің жалақысын өсірдік. Бұғанқарамастан мемлекеттік орган тарапынан субсидия қаражаты өскен жоқ. Сол себептібіз қосымша қызмет түрінің негізінде бағаны өсіреміз. Егер біздің мектепкедейінгі мекемеге ата-аналар балаларын бергісі келмесе басқа балабақшағабаруларына болады»,- деп мәлімдеді «Ақжарқын» балабақшасының құрылтайшысыГүлнәр СМАИЛОВА.

Қалалық білім бөлімі жеке меншік балабақшаларға берілетінқаражатты өсіру мәселесін тек қана қалалық маслихаттың шешетінін айтады. Дегенменбілім саласының мамандары әр балаға бюджеттен берілетін 26 мың теңгені азқаражат деп есептемейді. Өйткені басқа облыстарда бюджеттен балабақшағаберілетін қаражат көлемі аз екен. Тек Астанада ғана бұл сомма 28 мың теңгені құрайды.

«Ата- аналардыңтамаққа төлейтін 11 мың теңгесін жеке меншік және мемлекеттік балабақшалардыңкөтеруге құқысы жоқ. Бұл Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Дегенменбілім беру заңына сай мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерақылы негізде қосымша қызметтерді ұсынуға құқылы.Қосымша қызметті балаға теката-анасының ықтиярымен ғана көрсетеді», — дейді Қалалық білім бөлімінің сектормеңгерушісі Наталья ГОЛОВИНА.

Қалалық білім бөлімі әзірге үш жеке меншік балабақшаныңбаға көтеруге ниет білдіріп отырғанын айтады. Ал бағасы көтерілген мектепкедейінгі мекемеге баласын апарғысы келмеген ата-аналарға Қарағанды қаласындағы балабақшаларда жеті жүздей босорынның тұрғанын мәлімдейді. Алайда ата- аналар бұл орынның өздерінен алыстақаланың өзге аумақтарында екенін айтып наразы болуда.

Фото автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега