Саясат

Қаралы күнге пысқырып та қарамайтын әкім

Қаралы күніЕрейментау ауданының әкімі той тойлап жүрген. Бұл жөнінде КТКтелеарнасы хабарлады.

Jasalash.kz

Ақмола облысыЕрейментау ауданының тұрғындары жергілікті әкім Абай Әлжановтың қаралы күндеістеген әрекеттеріне наразы. Тұрғындардың сөзінше, шенеунік 28-ші желтоқсанкүні жаңа жылдық кеш өткізіп, Аяз Ата мен Ақшақардың аясында той тойлаған.

Жаңа жылдық кешөткен 200 адамдық мейрамхана жергілікті депутаттардың біріне тиесілі. Әкімніңөзі мейрамханаға корпоратив өткізу үшін емес, туысының туған күніне барғандығын айтады. Оның айтуынша, ол қаралы күн болғандықтан той иесін құттықтап, үйіне қайтқан.

ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев «Бэк Эйр» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 28-шіжелтоқсанды аза тұту күні деп жариялаған. Алматы маңында болған апаттан 12 адамкөз жұмған.

Коллаж: Жас Алаш.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега