Қарин президентке кеңесші болды
Ерлан ҚАРИН Қазақстан Республикасы уақытшапрезиденті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы ЖасАЛАШ Ақордасайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлан ТЫНЫМБАЙҰЛЫ 1976 жылы Түркістан облысындадүниеге келген. Саясаттанушы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері.
2017 жылдан бастап «Qazaqstan» Республикалық Телерадиокорпорациясы»Акционерлік Қоғамын басқарып келді.
Еңбек жолы:
1996 – 1998 жылдары Ақтөбе қаласының № 33 орта мектебінің тарих жәнегеография пәнінің мұғалімі, ал 1999 жылдан Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбемемлекеттік университетінің саясаттану факультетінің оқытушысы.
1998 – 2000 жылдары Қазақстан даму институтының саяси зерттеулерорталығының қызметкері, Ресей мемлекеттік әлеуметтану университетінің Алматыбөлімшесінің проректоры, Ресей және Қытай институты директорының орынбасарықызметін атқарған.
2000 -2003 жылдары – Саяси зерттеулердің Орталық-Азиялық агенттігінің директоры.
2003 – 2004жылдары «Асар» Республикалық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауисаясаттың халықаралық институтының бас директоры.
2004 – 2006жылдары Антитеррористік бағдарламалар орталағын басқарған.
2006 жылыМаңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметінетағайындалған.
2008 жылдыңақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ҚазақстанРеспубликасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісінетағайындалған.
2008 жылдыңқарашасында «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының төрағасыныңқаулысымен «Нұр Отан» ХДП стратегиялық даму жөніндегі хатшылығына бекітілген.
2014 жылдың 16қазаннан бастап 2017 жылға дейін ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулеринститутының директоры қызметін атқарған.
Фото: bnews.kz