«Қаржы бөлінсе жөнделеді»
«Жас Алаштың» 10 наурыздағы №17санында «Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың назарына!
» деген айдармен ЕркінҚалданның сын мақаласы жарық көрген еді.«Жөндеу көрмеген жалғыз көше» атты мақалада Талғар ауданына қарасты Бесағашауылы тұрғындарының жергілікті билікке деген өкпе-назы айтылған-ды.
Осыған байланысты Алматы облысы әкімдігініңбаспасөз қызметінен Талғар ауданы әкімдігінің ресми жауабын арқалаған хат келіптүсті. Хат мазмұны төмендегідей: «Бесағашауылдық округіне қарасты Бесағаш ауылындағы Құдайбердиев көшесінің ұзындығы1770 метрді, ені 6 метрді құрайды. 2019 жылы Талғар ауданының құрылыс бөлімімемлекеттк мекемесінің тапсырысымен «7 –20 – 25» мемлекеттік бағдарламасы негізінде Құдайбердиев көшесі арқылы «АлмаТау» тұрғын үй кешеніне «НСК MBM Construction» ЖШС-мен су құбырының құрылыс жұмыстарынжүргізді. Күз уақытында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан аталған көшебатпаққа айналып кетуіне байланысты мердігермен қайта қалпына келтіру жұмыстарыжүргізілді. Алайда қыс мезгілінен кейін Құдайбердиев көшесі қайта лайға айналыпкетті.
Бұл мәселені шешу мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарына(асфальтпен) 2019 жылдың 6 желтоқсаны күні №86-04-86/4437 хатымен «Алматыоблысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сіне Талғарауданы бойынша жол жөндеу жұмыстарына қаражат сұрап, бюджеттік өтінім берілді(оның ішінде Құдайбердиев көшесі де бар), алайда қаражат бөлінбеді. Солсебептен 24.02.2020 жылы №86-01-86/711 хатымен Алматы облысы әкімініңорынбасары және «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына»Алматы облыстық мәслихатында қаралатын бюджетті нақтылау отырысына қайтабюджеттік өтінім берілді.
«Жас Алаш» газетінде көтерілгенмәселе Талғар ауданы әкімінің бақылауында тұр. Бюджеттік қаражаттың бөлінуінебайланысты жол жөнделеді».
Талғар ауданыныңәкімдігі