Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Еліміздің Басмемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустың таралғанына күмәнкелтіретіндерге жауап берді.

Jasalash.kz

Аталмыш індеттің әлемнің 215 мемлекетінетарағанын, әлем бойынша 5,5 млннан астам жұқтыру жағдайы тікелгенін нақтылағанбас санитар «мұның барлығы бұл індеттің маңыздылығын көрсетеді» деді.

«Егер ауру жұқтыру деңгейі тағы көбейсе,бұрынғы қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз. Коронавирустыңқандай қауіпті екенін бағамдауымыз керек. Барлық ережелерді ұстану қажет, олараса қиын да емес. Қол тазалығы, әлеуметтік ара қашықтық біздің өмір салтымызғаенуі керек. Вирусты қаншалықты еңсеретініміз өзімізге тікелей байланысты», — деді Айжан Есмағамбетова.

Қазір елде науқастардың саны 9304-ке жетті.

Айта кетейік, аурудан 4613 адам айықты. 

Еске салайық, 26 мамырда Қазақстанда коронавирустан тағыекі адам қайтыс болды.  Олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екеніайтылады. Ер адам 1951 жылы туған. Ал екінші жағдай Қостанай облысындатіркелген — әйел адам 1965 жылы дүниеге келген. Осылайша елде коронавирустанқайтыс болғандардың саны 37-ге жетті.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега