Саясат

Қауіпсіздік Кеңесінде ауыс-түйістер болды

Қазақстан Республикасының экс- президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар ауыс-түйістер жасады.

Jasalash.kz

 

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен;

Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ,

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне;

Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега