Саясат

Қауіпсіздік Кеңесінде бірнеше шенді орын алмасты

Қазақстан ҚауіпсіздікКеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңес аппаратында бірқатар тағайындаулар жасады.

Jasalash.kz

Бұл жөнінде Tengrinews.kz басылымы хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен: ТәшімбаевТимур Ғазизбекұлы – қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Есенеев Қайыргелді Қайратұлы –қауіпсіздікКеңесі әскери қауіпсіздік және қорғаныс Бөлімінің меңгерушісі, ал, БейсбековАзамат Өмірзақұлы – қауіпсіздік Кеңесі әскери қауіпсіздік және қорғаныс Бөлімімеңгерушісінің орынбасары қызметтеріне тағайындалды.

Сонымен бірге, басқа қызметке ауысуынабайланысты Баймұқашев Қайрат Қалыбекұлы қауіпсіздік Кеңесі хатшысы қызметінен,Калинин Андрей Анатольевич қауіпсіздік Кеңесі әскери қауіпсіздік және қорғанысБөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.

ФОТО ашық ақпарат көздерінен алынды

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега