Әлеумет

Қайрат Мақсұтов қызметінен кеткеннен кейін "Самұрық-Энергоға" жаңа басшы тағайындалды

Аңсар Айдаров "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Тиісті шешімді "Самұрық-Қазына" қорының басқармасы қабылдады.

Фото: t.me/samrukkazynaofficial

Жаңа басшыны компания ұжымына қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов таныстырды.

Кездесу барысында энергетикалық жобалардың жүзеге асырылуы және электр станцияларын белгіленген мерзімде іске қосу мәселелері талқыланды.

Аңсар Айдаров 2013 жылдан бері "Самұрық-Қазына" тобына кіретін компанияларда жұмыс істейді. Бұған дейін "Энергия Семиречья" ЖШС-ін басқарған, жобалық кеңсенің жетекшісі болған. Сондай-ақ "Самұрық-Энерго" компаниясында инвестициялар жөніндегі бас директор қызметін атқарған.

 

Сайт Әкімшілігі