Саясат

Қазақ құрдымға бет алды...

Бұл қазақ өзге жұрттан бөлек. Ұқсамайды. Өзгешілігі сол, тоқсан баулы елден, қырық құранды рудан құралған.

Jasalash.kz

Үш жүзден  тұрады. Алайда,  бұл басқа  әңгіме. Айтқымыз  келгені, бүгінгі қазақ  ру  мәселесіне өзге  көзбен қарап,  тонын  айналдырып, оны саясаттың  құралы қылып  жіберді.  Дегенмен, шыққан тегіңді білу,  ата-бабаңа құрмет көрсету — ол рушылдық  емес. Керісінше, қанның  тазалығы үшін керек. Тектілікті сақтаудыі  ең  бір дұрыс жолы осы.  Әлімсақтан бері  солай. Өкінішке  қарай, әсіресе, тәуелсіз  елатанғалы  бері, бұл мәселе өзге, теріс ренкалды. Қанның  тазалығы  жайына қалып,  бір адам  таққа мінсе,  қырық руласы  атқа мінетін  жағдайға  жеттік. Яғни билікке келген әр адам өз  аталастарын, руластарын  тарта келуі. «Қуырдықтың  көкесін түйе  сойғанда көресің»  демекші, дәл  осы  жағдай қазақ  қоғамы,  соның ішінде, қазақ  билігі  тек осы «дертпен» ауыруды  бастан кешуде.  Бұл  трагедия.Еліміздегі билік тізгінін  ұстаған  азаматтардың айналасына  топтасқандарға  көз салсақ, осы жайт   бірденаңғарылады. Бір  жүздің,  соның ішінде, бір – екі  рудың (елдегі соңғы ауыс-түйіске көз  салсақ)үнемі  мемлекет тізгінін  ұстап, өзгеге жол  бермеуі, елді ұшпаққашығармасы  хақ. Бұл қоғамның  дамуына, өркендеуіне үлкен  тосқауыл. Сондай-ақ  өзге рудан  шыққан білімді, білікті,іскер азаматтарға  жол  бермеу, бірлікке сызат  түсіреді, наразылықты  тудырады. Осының бәрін безбенге тартқан қазақәу  баста-ақ, таразы  басын тең  ұстаған. Бірақ  қазір ол тенденцияға селкеу  түсті. Сына қағылды. Санаулы  ғана атабалалары ел егемендігін алғалы бері аттан түспеді. Өзгені көзге ілмеді. Әрине,  мемлекет дамып,кемеленденіп,  мейманасы тасып, халқыныңішкені алдында, ішпегені артында болып, елдегі,  жердегі көл-көсірбайлықтың ырзығын  көріп жатса, әңгімебасқа  еді. Олай  болмай тұр  ғой. Өкініштісі, белгілібір  топтың  қолдауы, қолпаштауы арқылы билікке  келгенбіліксіз шенеунік,  мемлекетке емес,өзін  көтерген сол рудың,  топтардың  мүддесіне жұмыс істері хақ. Қай  жерде де өзініңбіліміне,  іскерлігіне емес, әлгі  топтарға арқа сүйейді. Ал мұндай  жерде елдедаму  бола  ма? Жоқ. Тегіңді біл, бірақ руға  бөлінбе, трайбализмнің  жетегінде кетпе. Бұл  өркендеудің белгісі емес,  кері кету. Құрыдымғабет  бұру болмақ. 

Күлтегін БЕК, 

«Жас Алаш» 

 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега