Қоғам

Қазақстан алтын қорының бір бөлігін сатуды жоспарлап отыр

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк жыл соңына дейін халықаралық резервтердегі алтынның үлесін шамамен 3 пайыздық тармаққа азайтып, 75 пайыз деңгейінде сақтауды көздеп отыр. Бұған АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі, доллардың тартымдылығы және резервтерді әртараптандыру қажеттігі себеп болған.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, қазір алтынның халықаралық резервтердегі үлесі 78 пайызға жуықтаған. Бұл – жоғары көрсеткіш. Сондықтан резервтерді қайта теңгерімдеу қажет. Қыркүйек айының соңында Қазақстанның шетел валютасындағы резервтері 66,4 млрд долларды құраса, Ұлттық банктің алтын қоры 386 тоннаға жеткен.

Алтын үлесінің шамадан тыс артуы резервтердің бір ғана активке тәуелді болу қаупін туғызады. Осыған байланысты Ұлттық банк алтынның үлесін азайтып, резервтердің өтімділігін сақтауды көздеп отыр.

Сайт Әкімшілігі