Қоғам

Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз бара алады

Қазақстан үкіметі мен Вьетнам үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жасалды.

Jasalash.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Вьетнамда ресми сапармен жүр. 

Бүгін Президент Вьетнам басшысымен келіссөз жүргізіп, оны елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Айта кетейік, осы жолғы сапар аясында Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега