Қоғам

Қазақстан азаматы АҚШ ауруханаларына кибершабуыл жасады деген күдікке ілінді

АҚШ Әділет министрлігі 43 жастағы Қазақстан азаматы Роман Хлыновскийдің Италиядан АҚШ-қа экстрадицияланғанын хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Ол америкалық ауруханаларға, медицина мекемелері мен мектептерге жасалған ауқымды кибершабуылдар мен ақша бопсалау әрекеттеріне қатысы бар деген күдікке ілінген. Хлыновский 2025 жылдың жазында АҚШ билігінің сұрауы бойынша берілген халықаралық ордер негізінде Италияда ұсталған. Айыптау тарапы оны соңғы онжылдықтардағы медицина мекемелерінен деректердің жаппай таралуына қатысты ірі оқиғалардың біріне қатысы бар деп күдіктенеді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Хлыновский құрамында болған қылмыстық топ ауруханалар мен медициналық ұйымдардың компьютерлік желілеріне заңсыз кіріп, пациенттер туралы құпия ақпаратты ұрлаған. Кейін қаскөйлер деректерді жариялаймыз деп қорқытып, мекемелерден ақша талап еткен.

АҚШ Федералдық тергеу бюросының директоры Кэш Патель Хлыновский мен 8-Digits Team тобының өзге мүшелері ауруханалар мен мектептерге бірнеше рет шабуыл жасап, ұрланған мәліметтерді жарияламау үшін ақша бопсалағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, топ талап еткен төлемдердің жалпы сомасы 500 миллион доллардан асқан.

Сайт Әкімшілігі