Қоғам

Қазақстан бойынша 437 бала коронавирустан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем алып жатыр. Бұл туралы «Жас Алашқа» Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлама жіберді.

Jasalash.kz

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем алуда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 3 001 науқас жатыр. 5 626 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 191 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», — делінген министрлік хабарламасында.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега