Экономика

Қазақстан бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін Азия даму банкінен қарыз алады

Келісімге 2026 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылған.

Фото: әлеуметтік желіден

Құрылтай "Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Қаржылық басқару және қаржы секторын реформалау бағдарламасы – 2-шағын бағдарлама) ратификациялау туралы" заңды екі оқылымда қабылдады.

Келісім аясында Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юані (227,4 млрд теңге) көлемінде қарыз тарту көзделген. Қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл, оның ішінде алғашқы үш жыл жеңілдік кезеңі болып саналады. Пайыздық мөлшерлемесі – 1,69%, ал игерілмеген қаражат үшін жылдық 0,15% көлемінде комиссия төленеді.

Қарыз қаражаты ең алдымен әлеуметтік сала, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттардағы шығындарды қаржыландыруға жұмсалады.

Сайт Әкімшілігі