Қазақстан даулы мақалаға қатысты Қытайға нота жолдады
Қазақстан Қытай сайтында жарияланған мақалаға наразылық білдірді, — деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігініңбаспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың Қазақстандағыелшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлықwww.sohu.com сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады"атты мақалаға қатысты наразылық білдірген.
«Қытай елшісіне мұндайсипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте мемлекет басшылары қолқойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескенмәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухынасәйкес келмейтіні атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығызөзара ықпалдасуға келісті», — дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінің ҚХР Сыртқы істер министрлігіне нота жолдағаны айтылды.
«Жас Алаш» бұл мәселені бұған дейін де бұл мәселені қозғаған болатын. Бұл ретте «Жас Алаштың» бүгінгі санында "Өз жерін Қытайға қосқысы келетін кімдер" деген тақырыппен тілшіміздің мақаласы жарық көрді. Онда автор мақаласын "Қытай сайтындағы қазақ қоғамын қорлаған мақала жайында Сыртқы істер министрлігі, Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжа Сяо газетімізге жауап береді деп күтеміз" деп түйіндеген болатын.