Қазақстан медицинасының ғажайыптары: Сіз ауру емессіз!
Ел ішіндеемделмейтін аурудан ғажайыптың күшімен жазылып кеткен адамдар туралы аңыздарайтылушы еді ғой.
Аманғали аға да сондай ғажайып жан. Өзі де таңғалып отыр.Отыз бес жыл бойы «жолдас» болып келе жатқан ауруыңнан бір-ақ күнде айығыпкетсең, таңғалмай көр. Дегенмен бұл ғажайыптың орын алуына Қазақстанмедицинасының, «елді әлеуметтік қорғаушылардың» сіңірген еңбегін жоққа шығаруғаболмайды.
Сөзіміз түсініктіболу үшін басынан бастайық. 19 жастағы А.Бейсенов 1984 жылы Венгрияның Будапештқаласында әскерде жүріп жарақат алады. Айтысына қарағанда, әскерде төбелесболған. Соның ішінде жүргенде өкпе тұстан ауыр соққы алған. «Темірмен ұрды»дейді. Соңынан операция жасалып, өкпесінің жартысын алып тастаған. Әрине,мүгедектік бойынша елге қайтарылады. Бір қызығы, оның медициналық картасындаосы жылы «бала кезінде туберкулезбен ауырған» деген анықтама пайда болады.
– Бала кезімдеөкпеме суық тиіп, ауруханаға жатқаным рас. Бірақ ешқашан туберкулезбен ауырғанемеспін. Оның себебі – армиядағы жағдайдан кейін командирлер болған жағдайдыайтуға болмайды деп, осындай анықтама жазған. Ол кезде жаспыз, ойланбайкеліскем. Бірақ сол кездің өзінде жарақат алған деп жазылған, – дейдіА.Бейсенов бұл оқиға туралы.
Әскерден келгенсоң, тиісті орындар мүгедектік алып, зейнетке шығуға болатынын айтыпты. Онда дажастық бар, намысқа салып, мүгедектік алудан бас тартқан.
– Сіз еңбеккежарамайсыз, мүгедектік алыңыз, өмір бойына жәрдемақы тағайындалады деді.Жаспын, келіспедім. Кейін, 1989 жылы жол апатына түсіп, оң қолым сынды. Оң қолымныңжоғары бөлігі темір және сол қолымнан 15 см қысқа. Сонда да, әйтеуір, жүріпжаттық. Сөйтіп, осыдан үш жыл бұрын денсаулығым мүлде төмендеп, жұмысқа да,ештеңеге де жарамай қалдым. Бір-екі рет жұмысқа кіргенмін, одан да шығарыптастады. Одан мына бір аяғым қосылды, баса алмайтын болдым, жүріп-тұруқиындады.
Дұрыс баса алмайтынаяғын да қаратыпты. Қапшағай қалалық ауруханасына. Рентгенге түсіргенімен,ештеңе таппаған, «бәрі таза» деп шығарып салыпты. Басқалай себептері бар болуымүмкін ғой, нерв жүйелеріне қатысты дегендей. Бірақ біздің білгір медицинамызауырған жерді рентгенге түсірген де, «не үшін ауыратынын білмейміз, бәрі дұрыс!»деп шығарып салған. «Өтірік айтып тұрсың» дегендей естілетін бұл жауапқа дақолды бір сілтеген. «Мен өзім сауатсыз адаммын» деп сөз сабақтаған кейіпкерімізаяғының әлі күнге не үшін ауыратынын білмейді. Сылти басып әлі жүр.
Осыдан үш жыл бұрынкүнкөріс қиындап, жан алқымға тірелгенде 30 жыл бұрын Совет өкіметі кезіндеұсынылған мүгедектік жәрдемақыны тағайындауды сұрапты. Іле аудандық ДЕСК (ВТЭК)қаншама әуреден кейін, үшінші топтағы мүгедектік бойынша 58 800 теңге зейнетақыбекітіп берген. Жыл сайын тексеруден өтіп, үш жыл бойы ауру екенін «дәлелдеп»дегендей, жүріп жатқан. Күтпеген мәселе биыл шығыпты.
– Былтыр (30 сәуір2018 ж.) тағы да тамағыма зобтың 4-ші степені бойынша операция жасалды. Басында«раксың» деп қорқытқан. Ташкентке барып жасаттым.
– Неге Ташкентте?
– Осы сұрақтыВТЭК-тегілер де қойды. Олар да «неге Ташкентте жасатасың, олардың анықтамасыбізге жарамайды» дейді. Мен айтамын, қалтамның көтергені сол болса қайтем?Ташкентте арзан. Ташкентке барып-қайтуым бар – барлығына 200 мың теңге кетті.
– Қазақстанда қаншаболады дейді?
– Қазақстандамиллионға шығып кетеді.
– Ташкентте қалай, медицинасы жақсы ма, бізден?
– Біріншіден, қараужағы өте жақсы. Сосын, арзан. Медицинасы өте жақсы. Тіпті мына Қапшағайдағылармаған «рак» деген диагноз қойған. Кейін Ташкентке барғанда зобтың асқынған түріекенін анықтады. Әрине, бірінші Құдайдың қолдауы ғой, екінші сол Ташкенттегідәрігерлердің арқасында бәрі сәтті өтті.
– Қазір жағдайыңызқалай?
– Жылда комиссияданөтеміз дедім ғой. Биыл барып қаралсам, дәрігерлер «сіздің ауруыңыз асқыныпкеткен, 3-ші емес, 2-ші степень алуыңыз керек» дейді. Мен сол үшіншісін берседе рақмет деп жүрген адаммын ғой, ол жағын қазбаламадым. Олар және ауызша айтыпотыр. Бронхымды аппаратқа салып тексеріп еді, 50-ақ пайыз істеп тұр екен.Былтыр 70 пайыз деген. Жартысы істен шыққан.
– Неге ауызшаайтады? Екінші топтағы мүгедектікке жатады деген сияқты анықтама жазып беруікерек емес пе?
– Оны өзімқұнттамадым. Шынымды айтсам, жалығып кеттім. Дәрі-дәрмек қана емес, біздіңмедицинадағы әуре-сарсаңнан. Ештеңе жайдан-жай бітпейді. Бүкіл жер ақшасұрайды. Жаңағы жазып беру дегеннен шығып отыр ғой бәрі. Біз мына Іле ауданыныңВТЭК-іне қараймыз. Сол жерге барып ем, мына қағаздарда (бір бума анықтама қағаздарынкөрсетті) бронхымның жартысы істемейтіні, бәрі жазылып тұр. Ал бұлар қағаздардыда қараған жоқ, алды да, «сіз жақсарғансыз» деп шығарып салды.
– Қағаздарыңызға дақарамастан, «ауруынан толық айыққан» деген мына анықтаманы бере салды, солайма?
– Иә. Мен бұлмүгедектік жәрдемақыны осыдан 35 жыл бұрын алуым керек еді. Мен шамам келгеншеөз күшіммен өмір сүргім келді. Енді денсаулығым нашарлаған соң, басқа амалымқалмады. Басқа қайда барарымды да білмеймін, әйтеуір, «Жас Алаш» жазады ғойдеп, сіздерге келдім. Білмеймін, дұрыс айтып жеткізе алдым ба, жоқ па… 11-ікүні ВТЭК өзі Қапшағайға келуі керек еді, келмеді де, мен өзім ГРЭС-ке (Өтегенбатыр кенті) бардым. Барсам, осы жағдай. Сөйлескен де, қараған да жоқ, – депсөзін аяқтады.
А.Бейсенов жылсайын екі уақыт ем қабылдайды. Көктемде Қапшағай қалалық ауруханасында күндізгістационарда емделсе, күз мезгілінде 10 күн ауруханада жатып емделеді. «Былайшаайтқанда, соның күшімен жүрмін» дейді.
Қысқасы, үш жылбойы алып келе жатқан мүгедектік жәрдемақысы денсаулығы бұрынғыдан данашарлағанына қарамастан, тоқтап қалған. Себебін жоғарыда айттық. Іле аудандықДЕСК жазып берген «Толық оңалтылу туралы хабарламасында» А.Бейсеновтіңденсаулығы туралы «мүгедек деп танылмаған» деген анықтама бар.Медициналық-әлеуметтік сараптаманың № 1190361-2274 актісіне негізделгенқорытынды солай. Бөлім басшысы Каландаров Махсетбай Кавандаровичтің ЭЦК-сыменкуәландырылған бұл құжатты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіатынан арнайы жолдап, ауру адамды «жазып» жіберіпті. Алдымен дәрігерлер ауызшаауруының асқынғанын айтып, екінші топтағы мүгедектікке өту керегін ескертеді.Сосын, денсаулығы нашарлай түскені туралы тиісті адамдар ашып та қарамайтынанықтама береді. Ал тиісті адамдар «сен ауырмайсың!» деп, әп-сәтте қағаз жазыпбереді. Міне, осындай ғажайып.
Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бар, денсаулық сақтау министріЕлжан Біртанов бар, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бар – бәрі біріксебұдан асқан ғажайып жасау қолдарынан келетін шығар деп сенеміз. Ал «Қазақстанмедицинасынан көңілі әбден қалған» Аманғали Бейсенов сылти басып шығып кетті.Өзі айтқандай, зарын айтып кімге барарын білмейді.