Әлеумет

Қазақстан мектептерінде амандасу әдебіне қатысты нұсқаулық әзірленіп жатыр

Қазақстанда оқушыларға дұрыс амандасу мәдениетін үйретуге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Фото: Жас Алаш (ЖИ)

Бұған дейін Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр мектептердегі тәрбие жұмысына амандасу ережелерін тұрақты түрде енгізуді ұсынған еді. Оның пікірінше, күнделікті қарым-қатынастағы әдеп нормалары үлкенге құрмет көрсетуге, өзара сыйластыққа және ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге ықпал етеді.

Министрлік бұл бағытта ғалымдар, мамандар мен қоғам өкілдері қатысқан жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді. Қазір топ оқушылардың амандасу мәдениетіне қатысты әдістемелік ұсынымдар дайындап жатыр.

Сонымен қатар амандасу әдебінің кейбір элементтері қазірдің өзінде "Адал азамат" бағдарламасына енгізілген. Аталған бағдарлама еліміздегі 20 877 білім беру ұйымында жүзеге асырылып жатыр.

Сайт Әкімшілігі