Қазақстан Қырғызстанға көмектесетін болды
Қазақстан Қырғызстанға коронавируспен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді, — деп хабарлайды «Жас Алаш» премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 миллион медициналық маска жеткізіледі", — делінген хабарламада.
Шешімнің қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданғаны айтылады.