Әлеумет

Қазақстан Ресейде соғыста жүрген азаматтарын қайтаруды сұрады

Қазақстан Ресей армиясының қатарында жүрген өз азаматтарын елге қайтаруға әрекет жасап жатыр. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі "Азаттық радиосының" сауалына берген жау

Фото: ашық дереккөз

Олардың арасында Ресейге вахталық жұмысқа барған Мирас Тасжарғанов та бар. Анасының айтуынша, ұлы кейін Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қоюға мәжбүр болған.

17 қыркүйекте Мирас Қазақстан дипломаттарымен байланысып, қиын жағдайға тап болғанын және онымен бірге тағы бірнеше қазақстандық бар екенін айтқан. Олар елге қайтуға көмек сұраған.

18 қыркүйекте Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Мәскеуге ресми нота жолдап, азаматтардың Қазақстанға оралуына жәрдемдесуді сұрады.

Сайт Әкімшілігі